Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

атеизмАстана. 30 маусым. Baq.kz – «Америка Атеистері» ұйымы Флорида штатының Старк қаласында атеизмге арналған ескеркіш ашты деп хабарлайды америкалық бұқаралық ақпарат құралдары. 

Монументте Томас Джефферсон, Бенджамин Франклин, Джон Адамс сынды президенттердің және «Америка Атеистерінің» негізін қалаған Мэдлин Мюррей О’Хаирдың дәйексөздері ойылып жазылған.
Бастапқыда дінге қарсы ұйым сот арқылы библиялық уағыздар жазылған өзге ескерткішті тұрғызуға рұқсат алмақ болған. Бірақ атеистерге өздерінің ескерткішін қоюға рұқсат бергеннен кейін, олар өз өтініштерін қайтарып алыпты.
Атеизмге арналған ескерткіштің ашылу салтанаты діни белсенділердің қарсылық ақциясымен өтті. Олар ескерткіштің маңына госпел жанрындағы музыка ойнап тұрған автомобиль қойған.
«Америка Атеистері» алдағы уақытта ел бойынша осыған ұқсас 50 ескерткіш қойып шығуды жоспарлап отырғандарын айтады.

http://www.baq.kz/kk/news/31422

 

Рубрика: