Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

АҚШ әскери қолбасшылығының есептеуінше, Шығыс Украинада ресейшіл сепаратистерге 12 мыңға тарта Ресей әскері қолдау көрсетеді.

АҚШ-тың Еуропадағы әскерінің қолбасшысы Бен Ходжестің 3 наурызда Берлинде мәлімдеуінше, Шығыс Украинадағы Ресей әскерінің арасында әскери кеңесшілер, сарбаздар мен қару-жарақ мамандары бар. Ресей сепаратистерге көмектесіп жатқанын әдеттегідей жоққа шығарады.

Ходжестің сөзіне қарағанда, Украинаны қару-жарақпен қамтамасыз ету Ресей президенті Владимир Путинге ықпал етуі мүмкін. Ол «Аналар балаларының өліп жатқанын көргенде, баға қымбаттағанда ел ішіндегі қолдау азаяды» деді. Ходжестің сөзінше, Киев «барлау мәліметтерін, Ресей танктерін тоқтататын қандай да бір көмек алғысы келеді».

Ақ үй Украинаға қару-жарақ беруге қатысты әлі шешім қабылдаған жоқ. Ходжес Вашингтонның Украина дағдарысын дипломатиялық жолмен шешуге ұмтылатынын тағы да қайталады.

http://www.azattyq.org/archive/news/latest/330/330.html?id=26880951

Рубрика: