Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Донецк облысының Горловка ауданы маңында тұрған ресейшіл сепаратистердің әскери колоннасы. Украина, 20 шілде 2014 жыл. 27 шілде күні АҚШ мемлекеттік департаменті 21-26 шілде аралығында Украинаның шығысында спутниктен түсірілген суреттерді жариялады. Вашингтонның мәлімдеуінше, суреттерде Ресей

әскері сепаратистерді қолдап, Украинаның шығысын зымыранмен атқылағаны көрсетілген.

Жергілікті биліктің дерегінше, Донецк облысының Горловка ауданында ұрыс кезінде арасында екі бала бар, 13 адам қаза тапқан. Облыс әкімшілігі құрбандардың «әскери қимылдар кезінде» мерт болғанын ғана хабарлап, оқиғаға кім кінәлі екенін айтпады.

Горловкада 250 мыңға жуық халық тұрады. Украинаның үкімет әскері Донецк облысында 26 шілде күні ресейшіл сепаратистер күшіне қарсы шабуыл бастаған. Дәрігерлер Горловкада ұрыс қатты жүріп жатқанын хабарлап, мерт болғандар мен жаралылар жайлы ақпарат бере алмайтындарын айтқан.

http://www.azattyq.org/content/news/25472170.html

Рубрика: