Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Астана. 20 мамыр. Baq.kz – АҚШ елшісі Қытай сыртқы істер министрлігіне шұғыл түрде шақырылды деп хабарлайды Би-би-си. Бұған дейін Вашингтон қытайлық әскердің бес офицеріне экономикалық кибер-тыңшылықпен айналысты деп айып таққан болатын.

Пекин болса бұған дейін тағылған айыптарды түгел жоққа шығарып, оны ойдан құрастырды деп АҚШ-тың өзін айыптады. Тіпті, мұндай жайттардың екі ел арасына сызат түсіруі де ықтимал екенін айтқан болатын.
Қытай билігі бүгінде компьютерлік қауіпсіздік саласында құрылған екіжақты жұмыс тобының ісін уақытша тоқтатып тастады. Қытай тарапы нақты тоқтамға келгеннен кейін аталған топтың тағдыры да шешілмек.
АҚШ өз тарихында алғаш рет шетелдік әскерилерді кибер-тыңшылықпен айналысты деп айыптап отыр. Арнайы қауіпсіздік қызметінің айтуынша, мамандар тыңшылықтың орындалу барысын қағазға түсіріп алған.

http://baq.kz/kk/news/47393

Рубрика: