Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

10 қыркүйекте телеарнадан америкалықтарға арнайы сөзінде АҚШ президенті Барак Обама радикалды «Ислам мемлекеті» ұйымымен күрес стратегиясын жариялады.

Обама АҚШ ұзақ мерзімдік антитеррористік стратегия арқылы «Ислам мемлекетін» жоятын коалицияны басқаратынын хабарлады. Антитеррористік стратегияға Ирак пен Сириядағы «Ислам мемлекеті» содырларының позицияларына әуеден соққы беру, Ирак армиясына, күрд жасақтары мен Сирия оппозициясына берілетін көмекті ұлғайту, ұйымды қаржыландыратын бұлақтарды жабу және террористік ұйымнан зардап шеккен бейбіт тұрғындарға гуманитарлық көмек беру шаралары кіреді.

АҚШ президенті «Ислам мемлекетімен» күресте Вашингтонға гуманитарлық операцияларға араласып, Ирак пен Сириядағы исламшыларға қарсыластарына басқа да көмек көрсетіп жүрген Еуропа мен Таяу Шығыстағы елдер одақтасатынын мәлімдеді.

Барак Обама бұған қоса америкалықтарды «Ислам мемлекетіне» қарсы стратегия АҚШ-тың кезіндегі Ирак пен Ауғанстандағы кампанияларынан түбегейлі өзгеше болатынына сендірді. Америкалық әскерилер құрлықтағы әскери операцияларға қатыспайды. АҚШ-тың миссиясы тек радикалдық ұйымға әуеден соққы жасап, онымен күресіп жатқандарға көмек берумен шектеледі.

http://www.azattyq.org/archive/news/20140911/330/330.html?id=26577245

Рубрика: