Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

АҚШ мемлекеттік департаменті ақпанның 16-ы кешке Ресей мен оның қолдауындағы сепаратистерді Украинаның Дебальцево қаласын атқылауды дереу тоқтатуға, сол аймақта жүрген ЕҚЫҰ миссиясымен байланыс орнатуға және Минск келісімінде өзіне алған міндеттемелерін орындауға шақырды.

Мемлекеттік департаменттің баспасөз хатшысы Джен Псаки таратқан мәлімдемеде ЕҚЫҰ арнайы бақылау миссиясының Дебальцево маңында, Северодонецк, Луганк және Донецк қалаларында шабуыл толастамай тұр деген ақпаратын келтірген.

«Сепаратистер Дебальцевода қақтығысты тоқтату келісімін орындаудан бас тартатындарын мәлімдеді. Ресей қолдайтын сепаратистердің бұл басқыншылық әрекеттері мен мәлімдемелері атысты тоқтату келісіміне қауіп төндіріп, ауыр қару-жарақты әкету шартының орындалуына кедергі болады» делінген мәлімдемеде.

АҚШ Дебальцевоға қарай Ресей әскери техникалары кетіп барады деген ақпаратты бақылап отыр.

http://www.azattyq.org/archive/news/latest/330/330.html?id=26853414

Рубрика: