АЛТЫНОРДА
Новости

Ақпан айындағы көркемөнердің үздік жобалары

Өнер бір қарқында тоқтап қалмайды. Әр күн сайын әлемде жаңа жобалар мен адам баласы таңданарлық туындылар дүниеге келіп жатады. Көздің жауын алатын жауһарлар көңіліңе қуаныш сыйлайтыны да анық. Бүгін біз сіздердің назарларыңызға ақпан айындағы үздік арт-инсталляциялық жобалармен таныстырамыз.

«Әуедегі желі». Джанет Эшельман


Джанет Эшельман – америкалық суретші. Ол үлкен қала көшелеріне әуедегі ғажайып туындыларын жасап танымалдылыққа ие болған. Қазіргі таңда суретші Ванкувер қаласында 300 метрлік әуедегі инсталляциялық жұмысын жасау үстінде.

Тоғыз метрлік адам мүсіні


Africa Burn – жыл сайын Оңтүстік Африкадағы Танква шөлі аймағында өтіп тұратын мерекелік іс-шара. Жақында ұйымдастырылған әйгілі іс-шараның үздік туындыларының бірі – тоғыз метрлік адам мүсіні болды. Мүсін жобасын суретші Даниэль Поппер жасаған. Түнде жанатын арнайы жарықшамдармен жабдықталған да екен.

Еріген керамика. Ливия Марин


Чилилік суретші және өнертапқыш Ливия Марин сынған керамика бұйымдарына екінші өмір сыйлау жобасын қолға алыпты. Сынған керамикалық бұйымдардың еріген күйіндегі түріне суреттер салу арқылы ғажайып туынды жасапты.

Мың түстен құбылған атлас ленталары


Өнертапқыш Анна Паттерсон АҚШ жеріндегі үлкен шіркеулердің біріне жоғарыдан төмен өрілген атлас ленталарын жасап, өз жобасын іске асырыпты. Мыңға жуық түрлі-түсті ленталар аспан мен жерді жалғастырады деген сенімге құрылыпты. Жоба жұмысына ұзындығы 20 шақырым шығатын лента мен 8 күн уақыты кеткен.

Кубтың жарығы мен көлеңкесі


Америкалық дизайнер Анила Ага бөлме ішін көркем көрініске бөлейтін «Shadow Cube» атты жарықшам ойлап тауыпты. Бір жанынан қарағанда жарықшам көрінісі араб өрме жазуын көз алдыңа елестетсе, екінші тұсынан бөлме қабырғасына керамикадан жасалған ежелгі туындылардан көрініс береді.

Алты жолмен оқуға болатын кітап

Арт-проекты февраля 2014

Германияда алты жолмен оқуға болатын кітап табылды. Ертеректе басылып шыққан кітап металл бөлшектерімен қысылған, және оқуға ыңғайлы болуы қарастырылған. Кітапты бұлай түптеу француздарда «dos-а-dos» деп аталады екен. Қазіргі таңда мұндай кітап түрлері басылып шықпайды екен.

Шотландиядағы жылқы басының мүсіндері

 

Шотландияның Фолкерк қаласындағы 30 метрлік жылқы басының мүсіндерінің құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Жеті жыл бойы салынған Энди Скотт жобасы шотландықтардың тарихындағы жылқы түлігінің ерекше құрметке ие екеніне арналыпты.

Геометриялық мүсіндер. Бен Фостер


Жаңа Зеландиялық мүсінші Бен Фостердің геометриялық үлгідегі жануарлар мүсіні көпшілікті таңдандырды.

Лондондағы үлкен кірпі


Лондон орталығындағы үлкен кірпінің мүсіні Дэвид Аттенборо сериалының түсіріліміне арнайы орнатылыпты.

Кірпіштен жасалған мүсіндер


Белгілі мүсінші Брэд Спенсердің кірпіштен жасаған ерекше өнер туындылары

«Шөл тынысы»


Сахара шөліндегі оазисті қоршай жасалған ерекше арт-инсталляция.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

 

http://massaget.kz/alemtanu/syrly-alem/17367