Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

30e417879ed3c5e968c1930b0dfec4ffҚаржы полициясы Ақмола облысы Целиноград ауданы Қараөткел селолық округі әкімінің міндетін атқарушыны тұтқындады. Ауыл басшысы жергілікті кәсіпкерден пара ретінде ноутбук алған.

ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, селолық округ әкімінің міндетін атқарушы К.Қарымсақов кәсіпкердің ауыл шаруашылығы өнімдерімен сауда-саттық жасауына қорған болмаққа уәде етіпті. Сонысы үшін одан құны 109 мың теңге тұратын «HP» маркалы ноутбукты пара ретінде алған. Шенеуніктің үстінен сол күні-ақ пара алу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жергілікті қаржы полицейлері күдіктіні соттың санкциясымен қамауға алды. Қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Автор: Болатбек МҰХТАРОВ

 

http://alashainasy.kz/last_news/44812/

Рубрика: