Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Атақты Хаба тауының бөктеріндегі Шангри-Ла аймағының оңтүстік-шығысындағы «Ақ судың террасасы» деп аталатын мекен теңіз деңгейінен 2000 метр биіктікте орналасқан. Және бұл өңір — құпияға толы Шангри-Ла аумағының ең көрікті жері саналады.

Ақ су өмір сүретін террасалардың ұзындығы — 140 метр, ені — 160 метр. Қытай жерінде мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан табиғи құбылыс көрікті ғана емес, денсаулыққа өте пайдалы. Оның құрамында табиғаттан дарыған кальций карбонаты бар.

Дәл осы карбонат ұзақ уақыт бойы бірінің үстіне бірі қатпарланып, кереметтей террасаны түзген екен. Иә, адам нанғысыз! Бірақ, табиғатқа таң қалуға болмайды! Жергілікті тұрғындар мұны періштелер жасаған дүние деп қабылайтын көрінеді.

Терраса бір қарағанда ақ мәрмәрдан тұрғызылған жасанды құрылысқа ұқсайды.

Террасаның ең сұлу болатын маусымы — күз. Бұл кезде аумақ ашық сары, қызыл түсті жапырақтармен көмкеріліп, көрген көздің жауын алады.

Суреттер:vk.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

 

http://massaget.kz

 

Рубрика: