Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

АСТАНА. 12 ақпан. BAQ.KZ – Әйтеке бидің мұраларын халыққа тарату, ел ауызында жүрген шешендік сөздерін жинау және Алматы қаласында ескерткіш орнату мақсатында арнайы «Байбек-Әйтеке» Қоры құрылды. Бұл туралы BAQ.KZ тілшісіне Қор басшылығы хабарлаған.

«Әйтеке бидің және бабалары Ораз қажы, атасы Ақша хан, немере ағасы Жалаңтөс баһадүр жатқан жерлерге тарихшы-ғалымдарды, кинорежиссерларды қатыстырып, экспедициялар ұйымдастыру, жаңадан деректер іздестіру мақсатында осы Қорды құрдық», — дейді қор жетекшісі Қайрат Исаұлы.
Аталған қор сонымен қатар, Әйтеке бидің үрім-бұтағы орналасқан Қызылорда облысы Қазалы, Арал аудандарын, Ақтөбе облысының Әйтеке би, Шалқар, Ырғыз аудандарын, Өзбекстанның Навои облысы, Нұрата ауданын аралап, шежіре жинап, атақты бидің бұрын-соңды жарық көрмеген шешендік сөздерін іздеп табуды да мақсат етеді.
«Алдағы күзде Әйтеке бидің туғанына 370 жыл толуына орай респуликалық деңгейде ас беруге Үкіметке ұсыныс береміз. Әйтеке би мен оның немере атасы Жалаңтөс баһадүрдің нағыз бет бейнесін (испан суретшісі Хуан Харис салған сурет бойынша) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықтың көзін қанықтырып, оқулықтар мен кітаптарға енгізу, бұл туралы ҚР Үіметінің қаулы шығаруын өтінуді де жоспарладық», — дейді қор жетекшісі.

 

Нұрсерік ЖОЛБАРЫС

 

http://baq.kz/kk/history/416

Рубрика: