Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

биАқтөбе облыстық Достық үйінде қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлес қосқан әйгілі үш бидің бірі, мемлекет қайраткері Әйтеке Байбекұлы жайында «Әйтеке бидің ақ жолы» атты деректі фильмнің тұсаукесері өтті, — деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Деректі фильмнің тұсаукесері Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрының актерлері Абыл Құдайбергенов, Дәурен Нарман, Әсет Оразалиндер үш биді сомдаған шағын театрландырылған қойылыммен басталып, артынан «Әйтеке бидің өсиеті» әні орындалды.
Облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы Зәпен Жұмабаева: ««Әйтеке бидің ақ жолы» ұрпақ тәрбиесінде маңызды орын алатын туынды. Келесі жылы Әйтеке би бабамыздың туғанына 370 жыл толады. Бұл — осы мерейтой қарсаңында жасалған үлкен сый», — деді. Сонымен қатар ол кезінде тұңғыш рет Әйтеке би туралы кітапты құрастырған белгілі ақын, көсемсөзші Мейірхан Ақдәулетұлының, ол туралы алғашқы болып қалам тербеген заңғар жазушы Әбіш Кекілбайдың, би туралы кітап жазған қаламгер Мұқадес Есламғалидың, қарақалпақстандық көкірегі қазына қарт Жұбатқан Мұратбаевтың еңбектерін атап өтті.

 

http://baq.kz/kk/news/39602

Рубрика: