Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

«Айқынның» ақпарат айдынында ақ желкенін кергелі 9 жыл. Бұл аз да емес, көп те емес мерзім. Алдымен «аз да емес» дегенге тоқталсақ – қазіргі нарық заманында ерінбеген газет-журнал ашып, жарқ еткізіп жарнамалайды да, көп ұзамай жатып «жалп» етіп ол басылымның «жарығы сөнеді», шығуын тоқтатады.

Бұл – ол басылымға көпшілік сұранысы­ның болмағаны. Ал «көп те еместі» кейінге қалдырып отырған себебіміз – осы саусақпен санарлық мер­зімнің өзінде-ақ «Айқынның» танымалдылығы ел ішін былай қойғанда, шетелдіктерді де тамсанды­рып отыр. Оған дәлел – көпшіліктің күнделікті га­зет сайтына кіріп, басылымның әрбір санына, әр­бір материалға пікір білдіріп, атсалысып жататыны.

Газетіміз жарық көргелі біраз белесті ба­ғындырды. Өз қуаныштарымызды дер кезінде оқырманмен бөлісіп отырғандықтан, оның әр­қайсысына жеке-жеке тоқталу артық болар. Бір білеріміз – қазіргі таңда қарапайым бұқарадан бастап, шенді мен шекпендіге дейін «Айқынмен» санасатындай дәрежеге жеткеніміз. «Айқынның» ұтатыны – күнделікті шығаты­ны. Оқырман басылыммен жыл он екі ай байланыс­та. Еш уақытта қол үзбейді және күнделікті ақпарат­пен дер кезінде сусындап отырады. Оның үстіне
арғы-бергіні, жақсы-жаманды екшеп, сараптап-саралап беретін «толықшамыз» тағы бар. Осы орай­да күнделікті күйбең тіршіліктің соңында кет­пей, 9 жылдан бері бізбен бірге болғандарыңыз үшін, аса мәртебелі оқырман, сіздерге айтар алғысы­мыз шексіз. 2013 – жылан жылында газет таралымы­ның бұрынғыдан да артқандығы сіздердің біз­ден алда­ғы уақытта да үлкен жаңалықтар күтетінде­ріңізді аңғартса керек. Біз де сол үдеден шығуға барын­ша атсалысып жатқан жайымыз бар. Ең бастысы –
ел іргесі берік, заманымыз тыныш болсын. «Ай­қын» қызметкерлері сіздердің сенімдеріңізді ақтауға әрқашанда әзір.

http://www.aikyn.kz

Рубрика: