Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

0Өркендеген араб елдері өздерінің дінін ресми түрде қорғайды екен. Олардың құқықтық заңдары шариғатқа негізделген. Бұл жерде аса назар аударатын жәйт  ол Ислам 74 ағынға бөлінсе де арабтар қалай өз діндерін қорғай алып отыр? 1-ші олар араб тілін жетік біледі.  2-ші еліндегі ұстанған шариғатта заңдары негізделген. Шарирғатты әр ел өздеріне лайықты қылып жазады.  3-ші елді оқытады.

 

Ал Сириядағы соғысқа қатысып жатқан боевиктерді көбіне оқымаған арабатардан және араб емес елден жинайды. Оқымаған мұсылман миын шайқауға санасыздығы көмек етеді, ал араб емес елде еліне қандай миссионерлер кіріп жатыр, қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екенін білмегендіктен оларға елдің миын шайқауға барлық жағдайды миссионерлерді қорғайтын халықаралық заңдар қорған болып тұр.

 

БАЭ -да ұсталған қазақ азаматтар Сирияға әскерлерді Қазақстаннан аударуға жағдай жасады деп өлім жазасына кетуі мүмкін. Ал олар дайындап, жіберілген қазақтарды Ауғандағы соғысқа да алмайды екен,  ал жергілікті ел жақсы көрмейді екен. Оларды бірінші оқыту қажет, дейді.  Сонда, неге олай болды, олар да мұсылман ғой, олар Алла үшін бастарын тігіп кетті десек, жауабы былай:

» — Олардың есі дұрыс емес, олар шынайы мұсылман емес. … Шариғатты бұзғанын көрсе, бірден қаруды бас салады. … Құранды да Сұннаны да білмейді. Сондықтан оларды бірінші Визиристанға оқуға жібереді…. Кәзір Қазақстаннан онда 700 адам оқып жатыр… Олар Құранмен бірге бомба жасау, ату, өлтіру, соғыстың барлық тәсілдерін  үйренеді.» — дейді.

 

Сонда біздің  қазақтарымыз мұсылман болу жолында аса қабілетті болғысы келгені ме? Барлық мұсылмандардың алдына түсіп кетіп бірінші болып өлуге ұмтылады екен ғой. Намыс деген сөз бар еді қазақта, осындайды көрген де, ойлайсың, бұндай елде намыс деген сөз болуы мүмкін емес!

 

Ал біздің дін Ислам десек, біз қандай Исламды қорғаймыз? Қай ағынын? Қазақтар жалпы сондай алғыр ел ғой, орыс тілін орыстан да жақсы білеміз.  Алаш ұрпақтарын өзіміз ұстап, атқызуға жібергенбіз. Барлық Орта Азия ұлдарынан 40 адам атылса, біз бұл жобаны аса орындап, 4000 ұлдарымызды атқызғанбыз! Бүгін бәрін Мирзоянға жаба салып, ақталғандай болып отырмыз!  Ал Исламды үйренгенде  балаларымызды шет елдің түпкір түбіне жіберіп, 74 ағынын бәрін бірден оқытып жатырмыз! Ата бабаларымыз ұстанған суфий ағынын дұрыс деп таққан Саят Ибраевті өзіміз қаматып жібердік емес пе? Кеңес дәуірінде шіркеу, мешіттерді талқандап жатқанда Өзбекали Жанібіков қорғап қалған Ахмет Яссауи кесенесін суфий діннің ескерткіші деп оны бұзу керек дегенді де   айтып жатырмыз. Аруақтарды сыйламауымыз керек, сол кесенеге барып, ата бабаларымыздың рұхына тағзым етпеуіміз керек деп жатырмыз!  Ал ең көне діннің мұрагеріміз деп көкірек соғудың орынына, біз Тәңіршілігімізді, Жаратушымызды қоса – шамандар бақсылар, ал олар жамандар деп ығыстырып тастадық.

 

Жаратушының туып өскен жері біздің жер, оның дін ұстанымдары Парс елінің мемлекеттік діні болып сол елді 3 мың ғасыр өркендеген гүлді империя етіп ұстап отырды, ал сосын оның уағыздарын толығымен  Ислам мен Христиандар көшіріп, Жаратушының атын өшіріп жүргенін  біз білмеуіміз керек екен! Мешіт, тазалық, 5 уақыт намаз, ұстанып отырған мейрамдарымыз, пейіш пен тозақ – тұра солай аталып, Жаратушы ілімінде жазылған, соны Ислам мен Христиандар өздеріне көшірі алған, ал біз еңсемізді басып, арабтардың  барлығына құл болуға тырысып жатырмыз.

 

Егер де біздің еліміз дінін қорғаймын десе, бірінші Тәңіршілікті, Митраизмді, Жаратушы қағидаларын жандандырып әлемге сол діндердің мұрагерлері біз екенімізді мойындатып, сосын Саят Ибраевті босатып,  суфизмді қорғауға мүмкіндік ала алады!  Исламның 74 ағынның еш қайсысы бізді өздеріне жолатпайды!  Олар үшін қазақтар дұрыс емес мұсылмандар!  Ал кәзір алдымызда күтіп тұрғаны ол Исламның 74 ағынына оқытылып жатқан балаларымыз атып, өлтіріп үйреніп келген соң, жерімізді  өртеп, жарып  күл талқан қылу  көрінісі!

http://total.kz/society/2013/11/20/afganskiy_zhurnalist_o_kazahstan/

http://www.megapolis.kz/art/Za_chto_v_OAE_arestovali_kazahstantsev

http://rus.azattyq.org/content/soldaty_khalifaty_ubit_terrorizm/24743170.html

http://news.ivest.kz/40596036-a-shustov-boeviki-dlya-sng-na-storone-oppozicii-v-sirii-voyuyut-sotni-grazhdan-postsovetskih-gosudarstv

 

http://news.nur.kz/266709.html

 

Рубрика: