Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Астана. 7 мамыр. Baq.kz Әлемнің ең озық, ең алдыңғы қатарлы мұражайында ислам өнерінің жәдігерлеріне тұрақты орын бөлінді. Бұл жайында әл-Бауаба хабар таратты. Кәрі құрлықтың қақ төрінен орын тепкен әлемге әйгілі мұражайға жылына бес миллион адам бас сұғады екен

Луврде ислам өнерінің галереясын ашуға қатысты жұмыс 2008 жылдан бері жүргізіліп келеді. Галереяда 2500 жәдігерге орын қарастырылған. Аталмыш жобаға Франция, Сауд Арабиясы, Оман және Әзірбайжан, сондай-ақ, Total мұнай-газ компаниясы қаржылай қолдау көрсетті.

Негізінен орта ғасырлық жәдігерлерден тұратын Луврдың ислами коллекциясы мұражайдың өзіне тиесілі екенін айта кету керек. Ислам коллекциясы қазіргі уақытта 17 мың 400 жәдігерден тұрады.

muslim.kz

Рубрика: