Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

1. Майкл Джордан

Мектеп командасының қатарынан шығып қалған соң, үйге келді. Бөлме есігін жапты да, жылап жіберді.

* * * *

2. The Beatles

«Decca Recording» студиясы бірге жұмыс істеуден бас тартқан. Олардың айтқан сөзі: «Бізге олардың дауыстары ұнамайды. Олардың шоу-бизнесте болашағы жоқ».

* * * *

3. Eminem

Мектепті тастап, есірткі мен жоқшылықпен алысып өткен бұл адам ақыр аяғы өзін-өзі өлтіру әрекетіне дейін барған.

* * * *

4. Стив Джобс

Өзі құрған компаниядан еш елеп-ескерусіз қуылған күннен бастап, 30 жылға созылған құлазу мен депрессия.

* * * *

5. Уолт Дисней

«Фантазияның аздығы» мен «сапалы ойлардың жоқ болғаны» үшін газет баспасынан жұмыстан шығарылған.

* * * *

6. Опра Уинфри

«Телеарнаға сай келмегендіктен», жаңалық жүргізушісі қызметінен алынып тасталған.

* * * *

7. Альберт Эйнштейн

Төрт жасына дейін тілі шықпаған. Ал мектеп мұғалімдері «ерекше көзге түспейтінін» жиі айта бетіне баса берген.

Егер сіз өміріңізде бірде-бір рет сәтсіздікке ұшырамаған болсаңыз, онда өміріңізде бірде-бір жаңа нәрсеге қол жеткізбеген екенсіз.

* * * *

сурет:celebspe.com.br 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

http://massaget.kz

 

Рубрика: