Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

АҚШ пен Еуропаға елік­теу­дің соңы сорымызға ай­налмаса неғылсын. Құ­дай­дың бермегенін қолдан жасап алғысы келетін қызтеке мен еркекшора көбейген сайын қоғамның ар-ұятының көбесі де сөгіле бастады. Сөгілмеген несі қалды? Қарағандыда бұдан біраз бұрын екі қыз­дың дүркіретіп  үйлену тойын жасауы  өзіміз түгіл, өзге елдің баспасөзіне азық болды. Қазақстанда тұңғыш рет.  «Тек» дейтін пенде та­былмаған соң, лесбиян қыз­дар Қарағандының қақ ортасында лимузинмен қыдырып жүрді. Көпшілік орындарға барып, «ма­хаб­бат­тарын» паш еткен «мұң­лықтардың» мұнысын батыс бас­пасөзі айдай әлемге айғай салып жария етті. Ал үш ұйық­таса мұндай сұмдық тү­сіне кірмеген қазақ я жы­ларын, я күлерін білмей дал.

Сәуірдің соңғы күндері Астанадан ар­на­­йы келіп, Қарағандыда «қатырып» той­ла­­рын жасаған Кристина мен Каролина тік­­сіне қараған жұртқа, ұят та болса ай­тайық, ортаңғы саусағын шошайтып көр­сетіп кетті (ортаңғы саусақты шош­ай­ту да – сол батыстан үйренген «өне­ріміз»). Оны­сы, қазақша жұмсартып айт­қанда, қол­да­рың­нан келсе, қырып алыңдар де­ге­ні. Әри­не, адам құқығын жоғары қоя­тын АҚШ пен Еуропаның кей елдері үшін мұн­да тұрған дәнеңе жоқ шығар. Бі­рақ қазақ үшін емес. Қызды – қызға, жігітті ұл­ға үй­лен­ді­ріп өр­ке­ниетті, адам құқығын сый­лай­тын ел атан­ғанша, мойнымызға дор­ба та­ғып, дә­руіш болып кеткенді қолай кө­ретін жұрт­пыз.

Ділімізге, дінімізге жат әрекет – әйелге әйел затының үйленуі, еркекке ер адамның әйел болуы қоғамның іріп-шіруіне әкелері анық. Сондықтан да болар, қызыл импе­рия­ның көсемі Сталин сонау 30-жылдары қызтекелікке қатаң тыйым сал­ды. Тіпті қызтекелерді соттау туралы жабық заң­ға қол қойып та жібергенін білеміз. Он­да Сталин қызтекелер өсіп келе жатқан қы­зыл әскерді, жастарды азғындыққа апарып со­ғады деп шешкен. Ал ол уақытта КСРО-да 2 миллионға жуық гей болған де­седі ре­сейлік «Сооте­чес­твен­ник» сайты. Жа­бық заң­нан кейін қыз­те­ке­лер тыйылған. Қо­рық­қанынан. Го­мо­сек­суалдардың бар­лы­ғын қырып-жою керек деп отыр­ға­н жоқпыз. Демократия екен, АҚШ-та солай, Еу­­ро­пада былай екен деп тұнықты лай­лау­дың қажеті қанша? Лесбияндар, гейлер, би­­сексуалдар және трансгендердің құ­қығын тап­тағанымыз емес. Алайда со­қыр­ға таяқ ұс­татқандай бір ғана басы ашық дүние бар. Ол – қазақтың ұзақ ғұ­мырында бол­­ма­ған масқаралық! Қанша жер­ден көзіміз ашық, көкірегіміз ояу болса да, санамыз мұн­дайды қабылдай ал­май­ды. Қабыл­да­майды да. Сондықтан да сырт­тан келіп жатқан бұл бейәдептер «құ­қығын» же­леу етіп, көргенсіздікті көшеге шы­ғар­ма­уы тиіс. Әйтпесе сайттары қаптап, сай­қал­дық­қа шақырған порталдар ты­йы­лар емес. Осы күнгінің жасы күнұзақ ин­тер­нет­те оты­ратынын ескерсек, олардың мұндай аз­ғын­дықтан қорғалғандығына кепіл бар ма? Сайт дегеннен шығады. Қай қа­лада, қай жер­де гей клубтар бар, қан­дай сауық ор­нында қызтекемен не ер­кек­шорамен та­нысуға болатынын да көрсетіп қой­ғандары жә­не бар. Тіпті «Қазақстан гей­лері» деп аталатын сайттың «Гей Ка­ра­ган­ды» бө­лімінде Қара­ған­дыны екінші отаны са­­най­тындықтары жа­зылыпты.

Әлемдік БАҚ бақадай шулады

Не депті дейсіз ғой. Америкалық BBC: «Бәрекелді! Қазақстанда тұңғыш рет бір жы­ныстылардың үйлену тойы өтті» (Hoo­ray! Kazakhstan’s first gay wedding). АҚШ, Фран­ция, Голландия басылымдары да құр қал­мапты: «Құттықтаймыз! Қа­ра­ған­дыда ал­ғаш рет бір жыныстылардың тойы өтті» (Сongratulations! Karaganda saw first lesbian wedding»). «Бір жыныстылар бірінші неке түнін өткізді (Kazakhstan: Lesbian Couple Hol­ds First Same Sex Wedding). «Қарағанды: Бір жыныстыларға шектеу жоқ» (Kara­gan­da: Mariage pour tous). Кристина мен Ка­ро­лина қан­­дасымыз болғанда, тіпті қа­ра­бет екен­біз… Бірақ «өгізге туған күн бұ­зауға да туа­тынын» ұмытпаған абзал.

Ұлтқа опа бермейді

Көптеген деректер бүгінде оқшау­лан­ған бұл топтың қатары көбейіп келе жат­қа­нын айтады. СПИД орталығы қазіргі таң­да шамамен елімізде 240 мыңға жуық гомосексуал барын көрсетіпті. Десек те, нақты статистика бұдан бірнеше есе артық дей­ді. Ал лесбияндардың қанша екені бей­мәлім. ЛГБТ-ның құқын қорғауға құ­рыл­ған ұйымдар олардың кемсітушілікке үне­мі ұрынатынын да айтып отыр. Халық олар­ды кемсітейін демейді. Бұл ұлттың бол­мыс-бітіміне қайшы. Түсінік-түйсігіне сый­майды. Сол себепті гомосексуалдарды қор­ғап-қолдайтын ұйымдар өк­пе­лей­тін­дей негіз жоқ.

Айталық, 2009 жылы «Сорос-Қа­зақ­стан» қорының жүргізген зерттеуі Қазақ­стан­дағы осы мәселеге арналыпты. Сонда го­мосексуалдарды қорғайтын елдер қатарын атап көрсеткен екен. «Тіркелетін жынысы бір серіктестік институтының түрлі пішіндері Дания, Нидерланды, Порту­га­лия, Франция, Ұлыбритания, Исландия, Нор­­вегия, Швеция, Швейцария, Фин­лян­дия, Гер­мания, Венгрия, Испанияда жұмыс іс­­тейді. Жынысы бір серіктестердің бірлесіп ба­ла асырап алу құқығы Нидерландының (әлем­нің басқа елдерінің ішінде – Кана­да­ның үш провинциясында) заңнамасында бекітілген. Жынысы бір шетелдік серіктес­тер­ге иммиграциялық құқықтар беру Ни­дер­ланды, Дания, Германия, Исландия, Шве­ция, Норвегияда, сондай-ақ белгілі бір­шектеулермен Бельгия, Финляндия, Ұлыбритания мен Францияда көзделген» депті. Бірақ осының ішінде бір мұсылман елі бар ма? Жоқ. Ендеше, ұлтқа опа бер­мей­тін мұндай зерттеулер жасалмас бұрын сол елдің салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, ұстанымын неге бағамдап алмасқа?

Нил ЦАЙ, психолог-сарапшы:

– Менталитет, наным-сенім, ең бас­ты­сы, демографиялық жағдайымызды ескере келе, еуропалық мемлекеттерге қа­раудың қажеті шамалы деп есеп­тей­мін. Бүгінде біржынысты некені рес­ми­лен­дірген аталмыш мемлекеттерге бай­тал түгіл, бас қайғы болып отыр. Рас, кли­никалық емі жоқ, алайда күресудің жолдары бар емес пе? Біржынысты некелерге бойкот жариялаған мемле­кет­терде осы мәселемен айналысатын арнайы қауымдастықтар, институттар, зерттеу орталықтары бар. Біз болсақ аталмыш тақырыпты тіпті талқылаудан сескенеміз. Мәселен, ірі-ірі облыс-қа­ла­ларда «өз жынысын қалайтындар» қан­д­ай ауруларға шалдығып отыр? Мем­­лекетімізде олардың саны өсіп отыр ма, кеміп отыр ма? Бас қосатын қан­ша клубтары бар? Елдің ішкі сая­сатына олардан қауіп бар ма, жоқ па? Өз­дерінің патиларын (кездесулерін) өт­кіз­генде, қанша адам СПИД ауруына шал­дықты? Егер бұл қалыпты нормадан ауыт­қу болмағанда, шетел мем­ле­кет­те­рінің депутаттары, министрлері жұдырықтасып, төбелесуге дейін бар­мас еді ғой. Бұл «біржыныстылар үй­ленді екен» деп жеңіл қарап, үстірт шешім шығара салатын мәселе емес. Ин­тер­нетте емес, қоғамда және де қо­ғам­да талқылануы тиіс.

Асқарбек ЖЕЛДІБАЕВ, әлеуметтанушы:

– Кезінде «Неке және отбасы тура­лы» кодекс талқыланып жатқанда сена­тор­л­ар ит терісін басына қаптап, бұлар­ды орнына қойған еді. Бұқара да қа­­был­даған жоқ. Бірақ мені әлеу­­метта­нушы ретінде кейінгі жыл­дар­дағы бұлардың «белсенділігі» алаң­датып отыр. Бақсақ, жыл басынан бері Оба­ма­ға екі мәрте «ашық хат» жа­зыпты. Тіпті «ЛГБТ-қозғалысы» деген ұйым­да­ры арқылы елорда жағалауын­дағы Степногорскіні «өз жынысын қа­лай­тын­дардың астанасы» деп жа­риялапты. Әр елден өздері сияқты ту­ристер келе ме деп үміттеніп отыр­ғанын айтсаңызшы! Өз жынысына әуес­тердің «құқығын қор­ғау үшін» рес­ми түрде қауымдастық пен қоғамдық қор­ларын тіркетіп алып­ты. Орыстілді, шет­тілді басылымдар ар­қылы өз-өзде­рін жарнамалап, са­ла­мат­ты қоғамға қай­шы тенденцияларын дә­ріптеп жүр. Қа­расақ, отандық теле­ар­наларға шы­ғу­ға да әуестеніп алыпты. Қа­зақтілді ақпарат кеңістігі болса үн-түн­сіз. Ай­на­лайындар, дер кезінде ты­йып тастап, түй­реп-тесіп алуға қау­қар­ларың жет­пей ме?! Клубтарын аралап, ре­портаж жасап мәз болып жүрсіңдер. Айып бол­масын, осы орайда деңгей­ле­рің сол болса, қазақ қоғамының, әлеу­­ме­тінің ақпараттық қауіпсіздігін кім ой­лайды?

Автор: Қызғалдақ АЙТЖАНОВА, Қарағанды

http://alashainasy.kz/society/42662/

Рубрика: