Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Жедел жәрдем дәрігері аштық жариялаған әйелдердің денсаулығын тексеріп отыр. Астана, 8 тамыз 2014 жыл.Астанада үйлерін сүріп, жерлерін «мемлекет қажетіне» алуға қарсы бес әйелдің аштық жариялап жатқандарына бүгін алтыншы күн. Бұрынғы саяжай жеріне салынған үйлердің тұрғындары қала билігінен өздерін күштеп көшіру туралы сотқа берген шағымын қайтарып алуды талап етіп отыр.

Акцияға қатысушы Сандуғаш Серікбаева талаптары орындалғанша аштық жариялаудан бас тартпайтындарын айтады. Дәрігерлер өткен аптада оның аяғы ауыр екенін, құрсағына сәби біткеніне 11 апта болғанын анықтаған.

— Егер жаным тірі қалып, баланың көрер жарығы болса дүниеге келер. Биліктің бізді елемей жатқанына алтыншы тәулік болды. Біз көшеде қалдық. Қазақстан азаматы ретінде бізді президенттің қабылдағанын сұраймыз, оған құқымыз бар, — деді ол Азаттық тілшісіне.

Астана әкімдігі ішкі саясат басқармасындағылар Азаттық радиосына наразы әйелдердің аштық акциясы туралы білетіндерін айтты. Өзін Нұрбол Серікбаевпын деп таныстырған басқарма қызметкері бұған қатысты түсініктеме беруге өкілеттігі жоғын алға тартып, сауалды жазбаша түрде жолдауды сұрады.

http://www.azattyq.org/content/news/26524045.html

Рубрика: