Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

e3ad2389893ef9d8f7433e6e64b226b4Қазақстан Ұлттық телеарнасында «Әйел бақыты» атты жаңа ток-шоудың тұсауы кесілед.Бұл туралы «Қазақстан» АҚ» республикалық телерадио кешенінің баспасөз хатшысы Танакөз Толқынқызы хабарлады.
Жаңа жобада бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербететін әйелдердің беделі, отбасындағы күйі, әлеуметтік жағдайы, бала тәрбиесіндегі маңызы, ерлі-зайыптылардың бүгінгі болмысы қозғалады. Керекті кеңес, әдеміліктің құпиясы, сән және т.б. мәселелер көтеріледі.
«Әйел бақыты» тікелей эфирде аптасына 5 рет көрсетіледі. Бағдарламаның ерекшелігі — көрермендер тікелей эфир кезінде және одан тыс уақытта да өз суалдарын телефон немесе электронды почта арқылы жолдай алады. Ток-шоудың тұсаукесері «Арманым адастырмаса екен» деп аталады. Алғашқы бағдарлама жар таңдауда жаңылмаудың маңызы жайлы болмақ. Ток-шоудың жүргізушілері — Ләйлә Сұлтанқызы, Қарагөз Сүлейменова және Әйгерім Есенәлі.

 

Дуанабай Жолдасбек

 

http://www.aikyn.kz

Рубрика: