Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Ай орнына  Күн жүйесіндегі басқа планеталар болғанда түнгі аспанның қайда болатынын елестетіп көріп пе едіңіз? Соны бір қиялдап көрейікші.

Сатурн, ең әдемі планета. Ақыры біз оның сақинасын толықтай көрер едік.

Бұл Ай. Түнгі аспанның үйреншікті көрінісі.

Меркурий. Оның көлемін Аймен салыстыруға келеді. Сондықтан айырмашылық айтарлықтай емес.

Марс. Оның қызғылт түсі анық көрінеді және көлемі жағынан да үлкендеу.

Венера, оның атмосферасы күн сәулесін Күн жүйесіндегі өзге планеталарға қарағанда анағұрлым жақсырақ шағылыстырады.

Нептун. Көгілдір шар түнгі аспанға көгілдір сәуле тарататын еді. Бұл планета айдан 14 есе үлкен.

Уран. Планета бетінде дауыл салдарынан пайда болған дақтар болмаса, Нептунға ұқсас келеді.

Юпитер, Ай орнында болғанда, аспанның көп бөлігін алып жатар еді. Ол Айдан 40 есе үлкен.

Дайындаған:Ерғали Елдос

 

http://massaget.kz

Рубрика: