Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Amnesty International (AI) халықаралық құқық қорғау ұйымы Шығыс Украинада қаңтардың 18-інен бері қақтығыстың шиеленісуі бейбіт тұрғындардың өміріне үлкен қауіп төндіріп отыр деп мәлімдеді. Ұйым дерегінше, ресейшіл сепаратистер әскери операцияларды жүргізу үшін халық тығыз орналасқан аудандарды пайдаланған. Ал украин әскері сепаратистер шабуылына тойтарыс беру үшін үдете соққы берген.

Өткен аптаның соңында Донбаста ұрыс күшейіп, украин әскері Донецк әуежайы мен оған жақын маңға қайта бақылау орнатуға тырысқан.

AI сепаратистер зымыраннан шабуыл жасау үшін Донецк мен Горловканың халық тұратын аудандарын пайдаланды дейді. Украин әскері шабуылға жауап ретінде артиллериядан оқ атып, Горловкада кемінде екі адам қаза тапқан.

Сепаратистер шабуылынан украин әскері бақылайтын Дебальцево қаласында үш адам мерт болып, он адам жараланған.

Құқық қорғаушылар соғысушы тараптарды ұрыс кезінде халық тұратын аудандарды пайдалануды тоқтатуға шақырады.

http://www.azattyq.org/archive/news/20150120/330/330.html?id=26803018

Рубрика: