Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Достар, біріңіз білсеңіз, біріңіз білмейсіз, AdMe.ru атты сайт бар. Оны Марат есімді жігіт 10 жыл бұрын ойлап тапқан болатын. Өткен аптада ғана бұл сайтқа 3 миллион адам келіп тұрақтапты. Бұл рекорд.

Ендігі кезекте дәл осы жетістіктің құпиясын жасауда Мараттың қандай жолдарға барғандығын өзінің айтқандарынан оқып көрейік.

«Мен сіздерге жұмысқа деген көзқарасымыздың қандай болғанын айтып бергім келеді.

Ең жаманы – бұл істің барлығын да ақша үшін жасайтынымыз. Елден-жұрттан көп еститініміз адам өз жұмысын ұнатпайды. Бұл өкінішті, себебі өз ісін толық меңгерген шебер мен тек қана жоспарды орындап жүрген адамның арасындағы парқын сезіне аласыз.

Сол үшін де керемет сайтты сөзді орнына сәйкес қоя алатындар емес, өз ісін түсінетін авторлар жасай алады. AdMe-де жұмыс істейтін адамдардың сезімдері мен талғамдары бірінші орынға қойылған. Біздің мақсатымыз – интернеттің қоқысқа айналған тұстарын өнер туындысымен толтыру! Мақтаныш деп ойлайсыздар ма? Жоспар орындауға қарағанда алға осындай мақсаттар қойған дұрыс. Бізге аз ақша төлейтін болса да, ол мәселе қызықтырмайды, ал сайтта адамның жан-бауырына кіріп, шын сезіндіре алатын материал азайып, тіпті жоққа айналатын болса, титықтап кетеміз.

Біз талғамы биік, сұлулықты бағалайтындар үшін жұмыс жасаймыз. Жұмысымызды жаңа көкжиекке жеткізетін, ештеңе түсінбейтінін түсінетін адамдарды жинаймыз.

AdMe дәл осындай болуы керек, себебі біз әр адамның шабытын қоздыра аламыз. Жәй ғана тұтынушы болмаңыз, ондайлар онсыз да өте көп. Не істесеңіз де, бір түйір өнер болуы керек. Адам баласының керемет өнерін танытып, оны көрсету үшін бар болып қала береміз. Міне, біздің сайт осы жайлы.

Бірақ біз көп оқып, көп нәрсе үйренгіміз келеді. Әлі де биіктерді бағындыру үшін бәрін де жасаймыз…»

P.S. Адам баласы өнерсіз, шығармашылықсыз, шабытсыз аттап адым баса алмайды. Сол себепті де, әрбір оқырманымызға соны тілейміз!

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: adme.ru

http://massaget.kz/tehno/sholu/10680

 

Рубрика: