Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

БIШКЕКТЕ МҰХТАР ӘУЕЗОВТI ЕСКЕ АЛУ ШАРАЛАРЫ ӨТТI

Қырғызстанда қазақ жазушысы Мұхтар Әуезовтi еске алу шаралары өттi. Бiшкектегi Әуезов атындағы көшеге естелiк тақта iлiнiп, қаламгердiң ескерткiшiне гүл шоқтары қойылды. Жүсiп Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетi мен Мәдениет, ақпарат және туризм министрлiгiнде Әуезовтi еске алу кештерi ұйымдастырылды.
“ӘКЕМНIҢ КҮНӘСIН ЖУЫП-ШАЮҒА ТЫРЫСТЫМ”
Орыстың дарынды һәм ұлт­жанды киноактерi В.Золоту­хиннiң сүйегi өзiнiң туған жерiне (Алтай өлкесi, Быстрый Исток ауылына) жеткiзiлiп, туған ауылына жерлендi. Быстрый Истокте шiркеу жоқ болатын. Бұрынғы шiркеудi колхозшылар 1935 жы­лы қолдан қиратыпты. Осы кезде В.Золотухиннiң әкесi колхоздың бастығы екен. “Мен әкемнiң күнәсiн қолдан келгенше жуып-шайғым кел­дi”,– деп, В.Золотухин осы ауылға өз қаржысына шiркеу тұрғызған-ды. В.Золотухиннiң жаназасы өзi тұрғызған шiр­кеуде оқылды.
“ҮЛКЕН ТЕАТРДЫҢ” ҮЛКЕН ҚАСIРЕТI
Мәскеудiң “Үлкен театры” қазiр үлкен қасiретке ұрынып отыр: басшы құтаймайды, солистер бiрiн-бiрi күндеп жоғары жаққа арыз айдайды, бишiлер жiк-жiкке бөлiнген және т.т. Бәрiн қойыңызшы, қызғаныш пен iштарлықтың ушыққаны соншалық, “Үлкен театрдың” өнерпаздары бiр-бiрiне қастандық жасай бастаған (кiсi жалдап). Бүкiл ғұмыры осы театрда өткен А.Гафин кеше “Комсомольская правдаға” сұхбат бердi. “Сұмдық-ай, – дедi ол, – “Үлкен театр” бәрiмiздiң көз алдымызда кiшiрейiп, күйреп, құрдымға құлап бара жатыр”.

Рубрика: