Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Сет Грэм-Смиттің «Абырой мен менмендік және зомбилар» («Pride and Prejudice and Zombies») романы экранға шығарылады. Жобамен Panorama Media компаниясы айналыспақ.

Panorama Media басшылығы Darko Entertainment және Handsomecharlie Films компанияларымен бірлесіп, кино өндірісін қолға алды. Қазір режиссерлікке үміткерлер және басты рөлге актрисалар қарастырыла бастады.

«Абырой мен менмендік және зомбилар» кітабының мұқабасы

«Абырой мен менмендік және зомбилар» кітабы 2009 жылы жарық көрген еді. Дәл сол жылы экранизациясы жасалады деп хабарланды. Бірақ түрлі себептермен жоба кейінге шегеріліп келді.

Сол кезеңнен бері бірнеше режиссер ауысты, олардың қатарында Дэвид О. РасселлМайк Уайт, Крэйг Гиллеспи секілді танымал қоюшылар бар. Басты рөлге актрисалар Натали ПортманБлейк Лайвли шақырту алған болатын. Олар да жобадан бас тартты. Дегенмен Натали Портман болашақ фильмге продюсер болуы тиіс. Өйткені актриса жобамен айналысып жатқан Handsomecharlie Films компаниясының жетекшілерінің бірі.

Кітап иллюстрациясы/ myskoteket.se

«Абырой мен менмендік және зомбилар» — мэшап (mashup) стилінде жазылған шығарма. Кітапқа Джейн Остиннің 1813 жылы жарық көрген «Абырой мен менмендік» романы және зомби-хоррор, шығыс жекпе-жегі секілді заманауи элементтер біріктірілген.

 

Дереккөз: lenta.ru

Рубрика: