АЛТЫНОРДА
Новости

Абыралы көтерілісі

Кеңес өкіметінің 1928 жылғы байларды кәмпескелеу саясаты үлкен қателікке ұрындырды. Ол туралы өз басына қауіп төнетінін біле тұра, қазақ халқының көрнекті тұлғасы, соның алдында екі-үш жыл бұрын Қазақ АССР Халық Комиссарлары Кеңесінің Төрағасы болған Нұрмақов Нығмет (Абыралының тумасы, Майлықара, Мыржықта туып-өскен. Балқан тауының солтүстігінде Тәттімбеттің ұлы Мұсатай болыс болғанда көшіп барып, мұғалім болған – Б.Н.) ашық айтты. Оған ешкім құлақ аспады.
Мәскеудің тікелей тапсырмасын орындау мақсатымен жергілікті жердегі атқамінерлер күштерін салып, мыңдаған байларды, орта шаруаларды кәмпескелеп, малдарын тартып алып, өздерін жер аударды. Соның кеселінен кедей байғұстар аш қасқырша ол малды талан-таражға салып, аз уақытта жоқ етті. Оның ақыры ашаршылыққа әкеліп соқты.

1931 жылы Кеңес өкіметі екінші үлкен қателік жіберді. Оны қазақ халқына әдейі жасалған қастандық деп айтса да болады. Бұл – салық саясаты еді. Шамадан тыс ет салығы ауқатты, орташа шаруалардың мойнына жүктелді. Орталықта отырған шовинистік көзқарастағы жаулар пайдаланып, қазақ ауыл­дарына орындау мүмкіндігі жоқ мөлшерде салық салды. Оны өтеу үшін тышқақ лағына дейін берсе де, тақыр жерге отыратын еді.
Міне, осы ауыр күндері әлгіндей зобалаң әбден титығына тиген қазақ елі әр жерден бас көтеріп, Кеңес өкіметінің саясатына ашықтан-ашық наразылық білдірді. Ондай көтерілістер қазақ елінің барлық аудандарында дерлік өріс алды. Олардың ішіндегі ең ірілері – 1931 жылғы бес ауданның көтерілісі. Атап айтқанда, ең алдымен қазақ халқына жар салған Абыралы (ақпан-наурыз), Ақсу, Сарысу, Созақ, Адай көтерілістері мамыр, маусым айларында болды. Енді осы Абыралы көтерілісі туралы не білуші едік, енді нені аңғардық деген сұрақтарға тоқталайық.
Мен ес білгелі Семей облысының Абыралы ауданында «Қамбар көтерілісі» болыпты дегенді жиі естуші едім. Онда әртүрлі алып-қашты аңызға ұқсас әңгімелер көп болатын. Тіпті кейбіреулер «Екі пулеметпен төбеден атқылап, бірнеше жүз адамды Ақсайда Чупиннің отряды қанға бояпты» деген де лақап таратқан. Осы көтерілістің кесірінен мыңдаған азаматтардың елінен алыс жақтарға жер ауып, «қашқын» аталғандары да аз емес-тін. Көпшілігі атақты Бауман атындағы жоғары техникалық училищеге, соғыс академиясына әртүрлі басқа да жоғары оқу орындарына түсу мүмкіншілігінен айырылып, «жаудың баласы» деген атқа да ие болды. Талай адамдар өздерінің фамилиясын басқа «қарадан шыққан» жандардың атына өзгертіп алып, өз ата-бабасының атын біржолата тарихтан өшірді.
«Абыралы» көтерілісі (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) туралы құжаттарды төрт жыл іздедім. Әр жолы «еш жерде жоқ» деген жауап алдым. Міне, ақырында 2003 жылы таптым. Алматы қалалық қауіпсіздік департаментінде 140-қа таяу іс жатыр екен.
Мұрағат – айна, үлкен қазына. Мен оны қарап шыққанда еліміздегі ең алғашқысы «Қамбар көтерілісі» емес, «Абыралы көтерілісі» екеніне көзім жетті. Оларға жоғарғы жақтан әдейі арандату жасалған.
Ол жөнінде Абыралы ауданының хатшысының тергеушіге берген жауабын тыңдайық:
«Маметеков Майманбай, 1903 г.р. рода «Найман», родился в ауле №2 Сталинская, а сейчас ауыл не знаю. Местожительство: Кайнар Абралинского района. Профессия: письмоводство, образование – низшее, женат, на иждивении – 6 человек. Имею: 1 лошадь, живу на зарплату. Член ВКП(б) с 1923 года. Принят Семипалатинской организацией. Учился до 1919 года. В марте 1920 года поступил добровольцем в Красную Армию. Служил до 1921 года. С 1921 года на советской работе в разных должностях, а последняя должность – секретарь Абралинского района ВКП(б)».
Ауданға ет дайындау жоспары 3379 тонна бекітілді. Ол өте ауыр тапсырма еді. Дегенмен, орындауға болатын. Бірақ 1931 жылы 7-ақпанда «Союзмясодан» жеделхат келеді. Онда ет дайындау жоспары қайта бекітілді (8745 тонна) делінген. Аудан бойынша ондай мүмкіндік жоқ еді. Кедейлердің жалғыз қойын, атын алса да орындалмайды. Міне, осы кезде аудандық партия комитетінің хатшысы Мәметеков Майманбай Алматыға Орталық партия комитетінің пленумына барғанда крайкомның хатшысы Рошальға жеделхатты көрсетеді. «Союзмясо» крайконторының басқарушысы Надьярныхты шақырады. Ол өзі келмей, қызметкерін жібереді. Рошаль: «Жеделхатты кім, қашан жіберді? Табыңдар» дейді. Ақыры, кім жібергенін таба алмайды. Сөйтіп, ауданның халқын Кеңес өкіметінің саясатына қарсы шығуға мәжбүр етеді. Жедел хатты 7-ақпанда алған. 1-наурызға дейін оны түзетуге шара қолданылмады.
Ауданның хатшысы пленумнан қайтып елге келе жатқанда Семейден Тайлан деген ауылға (Байбөрі руының Шөптеміс, Кедей рулары) соғады. 15-ақпан күні көтерілісшілер коршап алады. Оны сол кездегі прокурордың көмекшісі, осы елдің өте беделді азаматы, бұрынғы ұстаз Иса Биназаров құтқарады. Сонымен көтерілісті ең алдымен осы рулар бас­тапты.
Ертеңінде Тарақты елі, одан үш күннен соң «Ақбота», «Бөрлі» болыстары көтеріледі (Шаншар-Жарылғап, Жалықпастар, Шақаман рулары). Сол күні Қарқаралы жақтағы №6 ауыл Қамбар руы көтерілісті жалғайды. Бұл хабарды Семейге хабарлайды. Ауданның милиция басшысы Жалалединов отряд құрады. Оған Қарқаралы аудандық милициясы бастығының орынбасары Кайгородцев өз отрядымен қосылады. Осы кезде көтерілісшілерді басу мақсатымен Алматыдан Министрлер Кеңесінің іс басқармасының басқарушысы Айдарбек Масанов пен Орталық партия комитетінің нұсқаушысы Жанғабыл Көтібаров келеді. Олар келісім жүргізудің орнына көтерілісті шабуыл жасап баспақшы болады. Осы көтеріліске қатынасқандардың ең көпшілігі №6 ауылдың (Қамбар елі) азаматтары еді.
Төменде оны басқарушы Кемпірбаев Ыс­қақтың тергеушіге берген жауабына тоқ­талғымыз келеді. Ол бүкіл Абыралы көте­рілісінің айнасы. Алматы қаласының қауіпсіздік комитетінің мұрағатынан «Абыралы көтерілісі» туралы мәліметтерді толық көшіріп алған соң мен елге барып көтеріліс болған жерлерді араладым. Сайлаубай атты азамат осы Көкшетау (Қамбар руы) елінің тари­хын жақсы біледі деген соң соны ертіп алдым. Көтеріліс туралы шешесінен өте көп әңгіме естіген. Мен сол әңгімелерді мұрағаттағы көтерілістің басшыларының тергеушіге берген жауаптармен салыстырдым. Көпшілігі әсірелеп айтылған әңгімелер. Шындығы мұрағаттың деректері. Міне, енді осы мұрағатты сөйлетейік.
Көтеріліс басталмай тұрып, №6 ауылдың орталығына ауданның орталығынан 8 үгітші келеді: Аралбаев Төлеубек, Тескенбаев Жамбосын, Әкбаров Шаймерден, Туғамбаев Айтжан, Ызкин Дастан, Смағұлов Ғалымжан, Жәкішов Сқак, Самалов Дүйсен. Олар Сатаев Бейсектің үйіне тоқтайды.
Аралбаев «Ет тапсыру» жоспарын орындаудың қажеттігін үгіттеді. Оның үгітіне Жақыпбеков Какендер қарсы шығады. Осы кезде Ақсай қыстағында Аралбаев Төлеубекті Жақыпбергенов Накен мен Нарымбек қарын белдігінен ұстап алып, сүйреп ортаға шығарып: «Мына қаншықтарды ұстаңдар. Жетті біздің мойнымызға мінгендерің. Енді күресеміз» деді. Көпшілік оны қолдады. Аралбаевтарды ұра бастады. Осы арада Ысқақ Кемпірбаевқа да таяқ тиеді (кейін көтерілісшілердің штаб бастығы). Халық ашынып, өкіметтің өкіліне тіл тигізіп, қол жұмсайды. Олар 13 адамды: Аралбаев Төлеубек, Текембаев Жамбосын, Самалов Дүйсен (коммунист), Ысқақ Кемпірбаев, Туғамбаев Айтжан, Ақшалов Тоқтарбек, тағы басқаларды тұтқындайды. Біраз уақыт өткен соң: Кемпірбаев Ысқақ пен Бекбергенов Сүйлейменді босатып жібереді. Қалғандарының аяқ-қолдарын кісендеп, Ақсайдағы Сатаев Жүністің қорасына қамады. Тұтқындалғандардың ішінде Аралбаев пен Тескембаевтан басқалары істің осылайша насырға шабарын ойламағанда болар. Ақсайдан Көккөзге қолға түскендердің бостандыққа жіберілгендерін, оның ішінде Ысқақты көтерілістің сол кездегі басшылары Қасқабасов Зарубай мен Жақсыбергенов Тәуекелге алып келеді. Олар: «Бізге қосыласыңдар. Қосылсаңдар босатамыз, ал қосылмасаңдар құртамыз» деді.
Ысқақтар қосыламыз деп серт етті.
Келесі күні аяқтарына бұғау салынғандардың бәрін босатты. Тек Аралбаев, Туғамбаев, Тескембаев, Ақшаловтарды және Қонысбек Тамбышевты босатпады. Ауыл кеңесіне 200-дей адам жиналды.
Төлеубек Аралбаев ақ отаудың соты. Қарқаралы елінен келген, 24 жаста.
Көтерілісшілер Сарышоқының бауырында орналасқан ауыл кеңесін қоршап алады. Тәуекел винтовкадан бір рет аспанға оқ атты. Содан кейін Қасқабасов Зарубай, Жандыбаев Түсіпбек, Жақсыбергенов Нәкен, Отарбаев Турабай, Ызкин Дастан, Шикиев Сүлеймен, Тәңірбергенов Ынкаш, Мақыбаев Абдіқадыр (Найман, Лепсіден), Ақшолаков Төлеубай, Кемпірбаев Ысқақ, Тұрғамбаев Үбайда, тағы басқа көптеген азаматтар ауыл кеңесінің канцеляриясына басып кіреді.
Кеңестің кабинетінде: Қосаев Қабия, Наурызбаев Жақсыбек, Беделбаев Сыздық, Тұрсымбеков Жөкебай, Садуақасов оның әкесі Садуақас та бар екен. Ысқақ кіріп келгенде Қасқабасов Наурызбаевты қамшымен сабап жатыр екен. Ысқақ оны тоқтатып: «Ой, сен, ақымақпысың, неге төбелесесің?» дейді. Ауыл кеңесінің істерін теңдеп, Ақ­сайға жібереді. Содан кейін Қуаныштың ауы­лына келіп қолға түсірген адамдарды сонда қалдырып, толық бостандық берген. Жыл­қыларды екі-үш сағаттың ішінде талап әкеткен.
Көкшетау елінде Қамбардың «Олжашы» руы бастаған көтеріліс осылайша жалғасқан.
1931 жылы 14-ақпанда №6 ауылдың «Ұшқын» атты бөлімшесіне мұғалім Мақыбаев Абдіқадырға Сартақбай бөлімшесінен 50 адам коммунаны талауға келген.
15-ақпанда Жөкебай Тұрсымбеков Ақсай, Мергембай, Қармыс ауылдарындағы кооперацияларды көтерілісшілер талап әкетті деген хабар әкелген.
Әр ауылда көтерілісшілердің өз штабтары болған. Соның бірі – Қамбар ауылының көтерілісшілері штаб мүшелерінің суреті мұрағатта сақталыпты.
Мұнда кімдер, қай жерде отырғанын айта алмаймын. Туған-туыстары таныса маған хабарласар деген үмітім бар. Сонымен, бұл суреттегілер:
1. Ысқақ Кемпірбаев, 32 жаста – көтерілістің басшысы, бірінші қатарда
ортада отыр.
2. Серікбай Қуандықов, 40 жаста
3. Үбайда Тұрғанбаев, 36 жаста
4. Тәуекел Жақсыбергенов, 30 жаста
5. Төлеубек Ақшалақов, 39 жаста
6. Түсіпбек Жандыбаев, 40 жаста
7. Абдіқадыр Мақыбаев (Садырбек) – Найман, 40 жаста
8. Қаукәрбек Балтақаев – мұғалім, 27 жас­та
9. Ережеппай Танашев, 40 жаста
10. Сол жақтан екінші қатардағы екінші (Ысқақтың сол жағында) отырған – ту ұстаушы Ахмет Түсіпов.
Мұндағы аталған фамилиялардың ішінде Зарубай Қасқабасов суретте жоқ. Ол «Жырық суда» атыста қаза тапқан. Тағы да бір мүшесі жоқ.
№11 ауылдың (Шөптеміс, Кедей рулары­дың). Штаб мүшелері: (20-ақпан 1931 ж.):
Бейісов Айтмұрза
Бейісов Байтан
Әділбаев Бекіш
Нұрғожин Әмірқан
Омаров Ахмет
Тұяқов Кенжебек
Байсұлтанов Әлменбай
Тұяқов Оразбек
Оңғаров Қаймолда
Одан кейін Қайнар мен Тайланның ортасындағы №10 ауылдың (Тарақты руы) тұрғындары №11 ауылмен бірге көтеріліп, өздерінен мына адамдарды штаб мүшелігіне ұсынады:
Жәкішов Ыбрай
Болғанбаев Ансай
Балықбаев Серік
№7, 8, 9, 14 ауылдың көтерілістің белсенді мүшелері (Шаншар, Жалықбас рулары) – штаб мүшелері:
№7 ауыл (Жалықбастар):
Абдрахим Ержігітов – өзін аудандық атқару комитетінің төрағасы деп есептеген.
Байпейісов Асылбек (аудан орталы­ғына шабуыл жасаушылардың бастығы).
№8, 9 ауыл (Жалықбас, Жарылғаптар, Байбөрі, Темірші, Қырқым).
Төребаев Хасен (демеуші).
Штаб мүшелері:
Түсіпов Үсенбай
Үсенбаев Аман
Батырақов Нығмет
Батырақов Смаилхан
Қаңлыбаев Жағпар
Рахин Жаппар
Рахин Қабкен
Батырақов Асан
Өтеев Базылбек
Байымбетов Қали (штаб бастығы)
Таубалықов Рақымжан
Асанов Баймұрат
Ту көтерушілері: Елеукен Исақанов, Қонақбай Мөлтіков, молда – Әубәкір Құрманбаев.
№14 ауылдың штаб мүшелері (Жарылғап, Шақаман, Кешубай рулары):
Қаражігітов Жақып
Исақанов Бөлеухан
Жақыпов Сқақ
Оразбеков Аққасым
Жақыпов Хасен
Сқақов Секіш
Көтерілістің басшылары анархияға жол бермеу және қатал тәртіп орнату мақсатымен ұйымдастыру жұмысын жүргізген. Оны Кемпірбаев Ысқақты ұстаған кезде табылған құжаттарды мұрағатта орыс тіліне аударып бергенінен байқаймыз:
Документы изъятые у Кемпирбаева Скака при взятии его в плен 21 марта 1931 года.
Протокол №1
1931 году 27 февраля Абралинского района №6 аула состоялось объединенное собрание людей, присутствовавших в возрасте выше 17 лет.
Председатель: Кемпирбаев
Секретарь: Макабаев
Повестка дня:
Организовать штаб.
Назначение завхоза.
Разное.
СЛУШАЛИ:
Организовать штаб (Кемпирбаев).
ПОСТАНОВИЛИ:
Заслушав в организации штаба доклад Кемпирбаева общее собрание постановляет:
Необходимо организовать аульный штаб в составе 7 человек.
Состав:
Ыскак Кемпирбаев (председатель)
Серикбай Куандыков
Увайда Турганбаев
Тауекел Жаксыбергенов
Тулеубай Акшолаков
Тусупбек Джандыбаев (секретарь штаба)
Макибаев
С большинством утверждается:
2. Выбрать командирами отделений – жузбасов и командирами сотни – следующих товарищей.
1) Дюсен Смаков
2) Каукарбек Туганбаев
3) Айтжан Туганбаев
4) Ыскак Жакишев
5) Накен Жаксыбергенов
6) Ыбырай Кемпирбаев
7) Досмаганбет Ташеев
8) Сулеймен Бакбергенов
9) Абеке Бтимов
10) Ками Жубаков
Утвердить этих людей жузбасами (Бұл өзі 1000 адамды басқару деген сөз ғой – Б.Н.). Поручить отделкомам и командирам сотни, чтобы граждане №6 аула в 17-летнего возраста подчинялись штабу и в бонвой готовности выйти на помощь нашей разгарной задаче. Если в случае проделания не допустимых вещей со стороны не выдержанных и не устойчивых лиц будут приниматься меры высшей степени.
ІІ. О назначении завхоза (Кемпирбаев).

ПОСТАНОВИЛИ:
Заслушав краткую информацию Кемпирбаева собрание постановляет: Обеспечение отрядов продуктами отделении, командирам сотни провести за счет самих участников на этом деле, как продуктами так и лошадьми. Для приготовления в момент поручить следующими товарищами:
1) Жолдасбеку Калдыбаеву
2) Турабаю Отарбаеву
3) Найману Бтибаеву
4) Консбеку Нурбкову
5) Инкашу Танибергенову
6) Есентаю Шобаеву
7) Кали Аязбаеву.
Утвердить: члены штаба.

ДОГОВОР.
1931 года февраля 27 дня мы, ниже подписавшиеся, состав штаба заключивший договор: С данными врагами будем воевать сколько наши силы хватит, наряду с этим заслушав информацию штаба исполняем его боевую задачу надел. В случае не исполнения наказа штаба меры принимаются вплоть до расстрела. Даем полные согласия оказанию пункта договора.
Подписавшиеся:
Кемпирбаев (подпись)
Куандыков (подпись)
Тургамбаев (подпись)
Жаксыбергенов (подпись)
Акшолаков (подпись)
Жандибаев (подпись)
Макибаев (подпись).
…Ысқақ Кемпірбаев наурыз айының 2-3 күндері Ақсайда түнде Масанов Айдарбек пен Жанғабыл Көтібаровтармен (Алматыдан – үкіметтің әдейілеп келген өкілдері, тұтқынға алынды) ұзақ әңгімелеседі. Ысқақ оларға көтерілістің негізгі себебін түсіндірді. Мақсаттары Кеңес өкіметін құлату емес, заңсыз жоспарды азайтуды талап етеді. Масанов Айдарбек Кемпірбаевтың айтқанына сенім білдіреді. Ал Көтібаров Жаңғабыл үндемейді. Масанов Айдарбек: «Мен түсінемін. Көтерілістің себебін білемін. Оны республика басшыларына жеткіземін. Бұл жерде шеше алмаймыз. Сіздердің тағдырларыңызды крайкомның басшылары шешеді. Мәселені орталықтың алдында біз қоя аламыз. Ол үшін екі аралық шарт жасауы­мыз қажет» дейді.
Ол үшін үкімет адамдары аудан орталығына баруы керек. Сол жерден үкімет басшыларымен келіссөз жүргізу қажет. Өзара шарт жасау қажеттігін Масанов Айдарбек ұсынады. Оның қысқаша мазмұны: «Біздер қазақ үкіметінің мүшесі ретінде сіздірге толық кешірім жасауға міндет аламыз, ал сіздер кешірім (амнистия) алған соң барлық қару-жарақтарыңызды тапсырып, тұтқындарды босатып, бәріңіз әр жерге үйлеріңізге тарайсыздар». Көтібаров әңгіменің соңында ғана келіссөзге тілектестік білдіріп «Осы дұрыс болады» деп қостайды.
Осыдан кейін Ысқақ Масанов Айдарбек пен Көтібаров Жанғабылға құжаттары мен киімдерін қайтарып береді.
Ол қаулыны Ысқақ Кемпірбаев қолдағанмен басқа штаб мүшелері қарсы болады. Алдымен Ысқақтың ағасы Ыбырай, Ақшолақов Төлеубай, Қасқабасов Зарубай тағы басқалары: «Қаулы арқылы бізді алдап отырғанын түсінбеген адам нағыз ақымақ. Қаулыда біздерге қатысы бар бірауыз сөз жоқ. Бірде-бір штаб мүшелерінің тіпті Кемпірбаев Ысқақтың да аты аталмаған, 6-ауыл туралы ешқандай сөз жоқ. Сол себепті бұл алдау-арбау, біздерді қолға түсіріп түрмеге отырғызудың амалы» дейді.
Сол себепті өз тараптарынан қосымша талаптар қояды:
1) Қаулыда (КазЦИК-тың) штабтың мү­шелері мен Кемпірбаевтың аттары жеке-жеке аталсын. Оларды амнистияға жатқызсын.
2) Тұтқынға алынған №6 ауылдың азаматтарын, оның ішінде Мұсабеков Есімбекті босатсын.
Бірақ Масанов: «Сендер байлар жөнінде әңгіме қозғамаңдар. Өздерің де байларға қарсы күрестіңдер ғой» дейді. Осыдан кейін Мұсабеков туралы талапты алып тастайды.
3) Көтеріліс кезіндегі шығындарға жауап бермеулері керек.
Кемпірбаевтар әлі де келіссөзге сеніммен қарайды. Күресті әрі қарай жалғап, беріле қоймайды.
Масанов Айдарбек пен Көтібаров Жаңғабылды босату үшін штаб мүшелері көпшіліктен рұқсат сұрауы қажет болды. Ол үшін халықтың алдында Ысқақ Кемпірбаев пен Мақыбаев Әбдіқадыр түсінік берді. Танашев Ережепбай бастаған біраз азаматтар: «Біздер татар Жамалитдинов пен орыс Кайгородцевке көбірек сенеміз. Ал Масанов пен Көтібаров алаяқтар, олар бізді үгіттеуге келген жоқ, бізді қорқытып, қырып-жоямыз деп біздерге қару жұмсап, оқ атты. Біздің қорғансыз қалған ауылдарымызды тонады, бала-шаға, қатындарымызды ұрып соқты. Неге жібереміз?» деп қатты қарсылық көрсетті.
Оларды Жақсыбергенов, Қасқабасовтар бастаған көпшілік қолдап, айғай-шу көтерілді. Кемпірбаев Ысқақты тіпті «сатқынсың» деуге дейін барды. Ысқақты Мақыбаев Әбдіқадыр, Балтақаев Кауқарбек, Тұрғамбаев Үбайда, Кемпірбаев Ыбырай, Бекбергенов Сүлеймен қолдады. Қалған көпшілігі келіссөзге, шартқа сенімсіздік білдірді. Бірақ Ыбрай бастаған көтерілістің басшысы штабтың мүшелерін көндіріп, өзара келісім міндеттемеге қол қойып, Масанов Айдарбек пен Көтібаров Жаңғабылды аудан орталығына босатып жіберді.
Масанов Айдарбек осы талаптарды орынды деп келісімін беріп: «Толығымен қанағаттандыруға күш саламын» деп Алматыға кетеді. Жауапты 17 немесе 18-наурызға дейін тосатын болады.

№011485 (стр. 443 и обр)
Министрлер кеңесінен істер басқар­масының меңгерушісі Машанов Айдарбек пен Орталық партия комитетінің нұс­қаушысы Көтібаров Жанғабыл көтірілісшілермен келіссөз жүргізгенде мынадай серт берген.
Копия перевода
Обещание.
Мы, уполномоченные Казакского Крайкома ВКП(б) Масанов Айдарбек и Кутибаров Джангабыл уверившись в том, что поднявшееся восс­тание не является восстанием руководимым байством, против советской власти, а восстанием получившимся в результате недовольств на политическо-экономические ошибки района, доведших до забоя последней скотинки бедняка и батрака. Даем следующее обещание:
Просить Правительство Казахстана о применении амнистии всем гражданам-участникам восстания.
Приложить все силы к недопущению военных столкновений гражданами №6 аула с посылкой отрядов до получения ответа Правительства Казахстана. Граждане бедняки, руководители восстания говорят следующее:
Мы участники восстания не против советской власти, а против незаконных действий района.
Мы просим амнистировать все наши грехи и допустит нас к участию советско-партийной работе, как и в прошлом.
По получению же правительственной грамоты об амнистии мы отпустим всех находящихся в плену у нас работников на свободу, сдадим все имеющееся оружие не скрывая ни одного и сами разойдемся.
До разрешения этого вопроса не тронем находящихся у нас в руках работников, ухаживая и создавая для них хорошие условия.
До получения ответа от Правительства мы со своей стороны наступательные меры на район не предпримем.
Подлинные подписи:
Уполномоченные Крайкома партии Масанов, Кутибаров, «ИК» (чья подпись не разобрана) Джаксыбергенов, Джанбаев.
Копия с подл. верна 08.03.1931 г.
Исимбаев (подпись)
Перевод верен: (подпись)
Көтеріліске Қамбар руынан: Олжашы, Шоқайлы, Балчау, Ұста, Қуандық, Кәрібай, Боқсай, Аю, Жакеш, Айт, Сағындық, Тенке тармақтары, сондай-ақ Көкшетау (аз), Жылтын, колхоз «Оян Кедей», «Ұшқын», «Еңбек», «Ақсай», Мергенбай, Қармыс, Қатпар, Тас Қора, Сақыбай (Ысқақтың ауылы), Сартымбай, Көккөз, Жырықсу, Қарабиік, Сарышоқы, Алдабай, Мойнақ, Төлеп, Балшау, колхоз «Тіршілік қыл».
Начальнику штаба бандитов
Кемпирбаеву ур. «Ак-Сай»
Вечером 10.03.1931г. мною было получено от Вашего штаба, т.е. кучки баев, письменное предложение в котором Вы предлагаете:
Отряду отступить в гор: Каркаралинс­ку.
Угрожаете отряду при непослушании Вас убийством отрядников.
3) Указали, что отряд делает насилия.
На это отвечаю:
Ни один мой отрядник бежать от Вас не хочет и смерти не боится.
Насилий и грабежей отряд не делал, а делали ваши люди, о чем через 2-3 недели будет известно судебно-следственным властям.
Если Вы не верите, прошу выслать от Вас представителя, который проверит наши дейс­твия и найдет тот факт, что где Вы просили, там Вы угнали табуны лошадей, перерезали ягнят, разграбили пшеницу, хлеб, скот, кошмы и пр. имущество.
После прохода отряда, население спокойно живет в аулах в своей семье, очень видя, что избавились от Ваших мобилизаций.
По нашему решению отряд Вам предлагает в обед 11.03.1931 г. освободить пленных Жамалятдинова, Кайгородцева, Масанова и других отрядников, которых мы до вечера 11 марта будем ждать в ауле колхоза «Оян Кедей» аула № 6 Абралинского района.
Так же, советуем Вам, распустить по родным аулам домой середняков, бедняков, колхозников. Сдать оружие. Если к вечеру 11 марта пленные Жамалятдинов и др. к нам не прибудут, то мы Вам 12 марта покажем свою силу.
Командир отряда Иерусалимов. № 6 аул. 10 марта 12 ч. ночи.
Начальнику Опер. уч.Чупину
марта из штаба повстанцев нам предложено уйти отсюда и не наступать. Мы требовали освобождения Жамалятдинова и отрядников, сдачи оружия и главарей, на что ответ ждем сегодня.
Вечером 11 марта к нам прибыл член РКВП(б) Ермеков Исакан, который от штаба нам передал: «Нам на Аксай не наступать». «Штаб ведет переговоры о мирной сдаче, для чего ожидают Правительство из Казцентра». До конца переговоров, поэтому мы решили на «Аксай» не наступать.
Аул быв. канц.
Аулсовета № 6 Командир отр. Иерусалимов
Гребнев
Рудник

12 марта 8 утра.
Гражданам 6-го аула Абралинского района участвующим в выступлении против перегибов в мясозаготовках по Абралинскому району, в частности Кемпырбаеву, Макыбаеву и др. от уполномоченного Семипалатинского оперативного сектора Чупина Т.Я.
Сегодня мною получен приказ Полномочн­ного представителя ОПТУ в КССР т. Даниловс­кого, следующего содержания:
«От моего имени предложите участникам выступления в №6 ауле Абралинского района немедленно освободить всех пленных, сдать все оружие, разойтись по домам и заняться мирным трудом. Только при немедленном выполнении этих условий полностью гарантирует­ся жизнь и свобода участников выступления бедняков, батраков, середняков. Ответ жду не позднее тринадцатого сего марта».
Полномоченный представитель ОПТУ в КССР Даниловский.
Основание: Приказ Пол. преда ОПТУ в КССР от 09.03.31 г. за № 850/3 ОП
С приказом Полпреда ОГПУ в КССР тов Даниловского верно
Уполномоченный Семперсектора ППОГПу в КССР Чупин.
Көп кешіктермей Семейден Иерусали­мовтың отряды (абыралы­лықтардың аузында Щупиннің дейді, олай емес) «Оянкедей» колхозына келіп, одан кейін №6 ауылдың орталығы «Шоқайлы» руы қоныстанған жерге келеді. Бұл рудағы көтерілісшілердің саны 70 адам.
Олар штабтың алдына талап қойды: «Тез арада Иерусалимовтың отрядына қарсы шығып, оларды да тұтқындау керек» деген талап қояды. «Шоқайлы» руының басшылары Ташиев Доскей – мүғалім, Қуандықов Серікбай – штаб бастығы, Қоқымов Асылбек, Қыйқымов Оспанжан, Садуақасовтар (аты белгісіз): «Иерусалимовтың отряды біздің жанұяларымыздың соңғы тағамдарын жеп жатыр, жиған-тергендерімізді талан-таражға салуда. Оларды қоршап қолға түсіру оңай» дейді. Бұл ұсынысты көпшілік қолдайды. Оларға Балтақаев Қауқарбек, Қасқабасов, Жақсыбергеновтер қосылады. Бірақ Ысқақ оған үзілді-кесілді қарсы шықты. Ол: «Үкіметтің өкілімен келісім-шарт жасастық. Оны бұзбауымыз керек. Егер оны бұзсақ, облыстағы отырған Чупиндерге сылтау болады. Онда біз барлығымыз қырыламыз» дейді. Басында оған барлығы айғайлап қарсы тұрады. Біраздан кейін «Айтжан», «Олжас», «Аю» және басқа рулар қолдайды, «Шоқайлы» және «Мойнақ» рулары қарсы болып, 100 шақты азаматтар бөлініп кетеді. Олар Иерусалимовтың отрядын тұтқындамақшы болады. Бірақ олар кетпей тұрып Кемпірбаевтар олардың қаруларын тартып алады. Танашев Ережепбайдан – Жамалитдиновтың карабинін, Балтақаев Кауқарбектен наганын және Кайгородцевтің шашкасы мен трехлинейкасын алады, ал Қуандықов Серікбай винчесторды бермейді. Сондай-ақ Қиқымов Оспанжан да бытыра мылтығын (дробовое берданка) тапсырмайды. Олар Иерусалимовтың отрядын қолға түсірмекші болып кетеді.
Бірақ Иерусалимовтың отряды олар­дың өздеріне шабуыл жасап, Танашев Дос­кей бастаған 5-6 адамды тұтқынға алады. Қалғандары таулардың арасына қашып кетеді. Қайтып көтерілісшілерге қосыл­май Кемпірбаевқа өкпелеп, үйді-үйлеріне тарайды. Ал Кемпірбаевпен қалған көтері­ліс­шілерде Иерусалимовке шабуыл жасауымыз керек деп толқып тұрғанда, Ақсайға үкімет тарапынан өкіл болып Ермеков Исахан келеді.
Мақыбаев сөйлеседі. Ал Кемпірбаев Жамалитдинов пен Кайгородцевке келіп Иерусалимовке хат арқылы №6 ауылдың шекарасын келіссөз аяқталғанша босатуларын сұрауды ұсынады. Ол хабарды Ермеков және Қиқымов Асылбек арқылы жібереді. Көп кешікпей олар қайтып оралады. Иерусалимов: «Чупиннің бұйрығы келгенше тосамыз» деген.
Көпшілік Иерусалимовтің отрядына шабуыл жасауды талап етеді. Штаб мүшелері келісімін бермеген соң көтерілісшілердің біразы рұқсатсыз бір кетіп, бір қайтып келіп сапырылысады. Осылайша қатарлары азая бастайды. Кетіп қалғандардың орнына тыңнан азаматтар келе бастайды. Ысқақтар енді халықты тарату үшін оларды үйлеріне қайтуларын сұрап үгіттейді: «Қызылдар самолетпен келе жатыр, Чупиннің өзі келе жатыр» деп те жар салады. Осылайша көпшілікті таратады. Көтерілісшілерді тарату саясатынан кейінде 150-180 адам, екінші күні 120 адам қалады.
Осылайша март айының қарлы күндерінде Чупин жіберген отрядтың оларға қарсы шабуылы болатын күндері де таяған сияқты. Енді Кемпірбаев Ысқақ бастаған штаб мүшелері арнаулы дайындықтан өткен қызылдар отрядына қарсы шабуылда жеңіліске ұшырайтындарын біледі. Сол себепті сәл жол құрғаса, соқпақтар ашылса, солар арқылы ашық жаққа Шұбартау арқылы қашып кетуді ойластырады. Өйткені өткен 1930 жылы Чупиннің отряды Шұбартауда көтерілісшілерді аяусыз басқандарын білетін еді.
Осы кезде Алматыдан Данилевскийден ультиматум келеді. Онымен Ысқақ Кемпірбаев келіседі. Бірақ ол қайдағы бір Жазыбаев дегенді атапты. Ол Ысқақты шошындырады. Оны басқа бір ірі бандалармен шатастырып, істі насырға шаптырып жіберуі мүмкін деген қауіп билейді. Сол себепті бұл торға түсірудің әдісі ме, одан кейін атып тас­тауы мүмкін деп те ойлайды. Берілмей қарсыласқанымыз дұрыс деп шешеді.
Сол себепті сарбаздар тұрған жерді ауыс­тыруды ойлады. Көпшіліктің келісімімен «Тасқора» қыстағына жылжиды. Ол аудан орталығынан алыстау, Шұбартау ауданының жолында әрі егерде қызылдардың отряды келе қалса атқа жеткізуге ыңғайлы.
Тұтқындардың барлығы (Әбдірах­манов Шаймағамбеттен басқасы) тасқорада қарауылдардың бақылауында болды. Көтерілісшілер тасқорадан шығарда тұтқындардың ішінен Жамалитдинов пен Кайгородцевті өздерімен бірге алып кетеді. Қалған тұтқындарды босатады. Ысқақ Кемпірбаев кейін түрмеде берген жауабында: «…Кейбіреулер сегіз адамның қол-аяқтары байлаулы болды деп өсек таратады екен. Ол өтірік. Барлығы босатылды» деген.
Ол екі тұтқынды алып жүрудегі мақсат­тары: біріншіден, егер отрядқа берілуге тура келсе, олар тұтқындарға ешқандай жаманшылық, қысымшылық жасалмағанын дәлелдеу үшін, екіншіден, қызылдар тұтқындаған 60 адамдарға қастандық жасалса Ысқақ Жамалитдинов пен Кайгородцевты да атып тастамақшы болған.
Тасқорадан 85 адам отрядқа қарсы шығады. Оның 60-ы тұтқындалады. Қалғандары жан-жаққа қашып кетеді.
Үлкен-Соран тауына түні бойы Омбы қар арқылы әрең жетеді. Таңға жақын соқпақ жолға кездеседі. Қалабаев Байбосынның ауы­лына келіп аттарына жем беріп, сарбаздар өздері де әлденіп алып «Тұрғамбай» ауылына бет алады. Осы кезде сарбаздардың соңына қызылдардың отряды түскенін олар білген жоқ еді.
Енді 160-тай сарбаздарды тасқораға орналастыру қажет болады. Олардың қарауында тасқорада «Құрым» ауылы ғана еді. Барлығын орналастыру мүмкін емес-тұғын. Сол себепті осы жерге таяу орналасқан ауыл ол Жақсыбергеновтің қыстауы болады. Ол 60-қа тарта Ысқақтың туыстары мен ағайындарын өзімен бірге алып кетеді.
Ысқақтар бұл хабарды естіген соң, сарбаздардың арасында абыржушылық байқалады. Біреулері: «Тез қашу керек» десе, көпшілігі қыстақтың маңайынан жер қазып қорғануға «дайындалайық» дейді. Ысқақ осы екінші шешімді дұрыс, – деп есептейді. Ал Тәукел Жақсыбергенов: «Взводқа қарсы шабуыл жасап, тұтқындарды құтқаруды ұсынады». Оған Ысқақ келіспейді. Оларды осы қыстақта қарсы алайық деп шешімге келеді. Осы кезде Тәукел мен Үбайда тұтқындардың қолдарын байлап, суық бөлмелерге апарып қамайды. Ысқақ тұтқындарды босатуды талап етіп бұйрық береді.
Сәдуақас Ақшолақов, Тілеубек екеуі келе жатқанда Чупиннің отрядына кездесіп қалады. Олар Тілеубекті ұстап алады. Ал Сәдуақас атының жүйріктігі арқасында қашып құтылады.
Міне, ойламаған жерден келген хабардан кейін сарбаздар бұл ауылдан тезірек кетуге асығады. Осы кезде оларға Сартымбаев Құрым Чупиндердің ұсыныстарымен келеді. Ол тұтқынға берілуді талап етеді немесе тұтқындарды айырбастауды сұрайды. Ысқақ екінші ұсынысты қабылдайды, өзінің адам күшін көбейтуді ойлайды. Ал тұтқынға берілуден бастартады.
Тұтқындармен алмасқан соң, Ысқақ сарбаздарды далаға шығарып, қарулары барларын жеке шығарады. Оларды өзімен бірге алып кетуді ойлайды. Ал карусыздардың үйлеріне қайтуларын өтінеді. Қарулы 20 адаммен Шұбартау ауданы жаққа өтіп, ол жақта көтерілісшілермен бірігіп, Абыралы ауданының орталығына шабуыл жасамақ болып ниеттенеді. Оны Чупиннің отрядын жаңылдыру үшін айтады. Бірақ қарулары жоқ жігіттер: «Жоқ. Бізде сендермен бірге кетеміз. Бірге бастадық, бірге аяқтаймыз» деп тұрып алады.
Ысқақ ашу шақырып: «Ал мен ескерттім. Қалыңдар. Қалмасаңдар, шыдайсыңдар. Кім шыдамайды атып тастаймын» дейді. Осыдан кейін біразы Көкшетауға қарай, Бітім ауылына бет алады, біразы сарбаздармен бірге кетеді. (Көкшетау – Абыралының №6 ауылының орталығы).
Соқпақпен жүріп отырып Шұбартау ауданының керейлер бөлігіне өтіп, Тұрғамбай ауылының шығысында 10 верст жердегі Көсембай ауылына жетеді. Осы арада аздап демалуды ойлайды. Алдыңғы жаққа барлауға Бекбергенов Сүлеймен бастаған 5 (бес) адамды жібереді. Олар ауылдың маңайында қараңғыда бір қарулы адамдарға кездеседі. Тұман әрі түн болғандықтан олар аздап атысып Көсембайдың ауылына қайтып келеді.
Ысқақ бірден қызылдардың отряды екенін түсінеді. Сол себепті кейін қайтуға бет бұрады. Енді Тұрғамбай ауылын оңтүстік жағынан айналып өтіп, Қара шоқы, Жырық тасқа қарай жүріп, Сарышоқыға өтпекші болады. Бірақ сарбаздарды қызылдардың отряды қатты қыспаққа алады. Енді олардан құтылу мүмкіндігі жоқтығын сезген Ысқақ Кемпірбаев сарбаздарына қызылдарға өз еріктерімен берілуді ұсынады. Ал өзі, ағасы Ыбраймен және Бекбергенов Сүлейменмен бірге қашып кетуді ойлайды.
Осы кезде қызылдардың отрядымен атыс­та Сүлейменнің аты жараланады. Ол жаяу қалады. Ал Ыбырай, Ысқақ Кемпірбаевтар қашып, соқпаққа түседі. Ыбырайдың қолына оқ тиеді. Қараңғы түсіп қуғыншылардан құтылады.
Түн ішінде Балтақай ауылына таяу жердегі таудың ішіндегі қыстауға жетеді. Қыстақтан қазан табылады. Суды қайнатып өздерімен алып шыққан құрт пен майды жеп, ыстық суға қанады. Таңға жақын жолсызбен Қара жал тауына жетіп, ондағы үлкен төбеде кешке дейін демалады.
Кешке жақын оларға бір жас жігіт кездеседі. Олар оны өздерімен бірге алып жүреді. Сол жігіттен Чупиннің отряды Қарашоқыға келгенін, ал бүгін әрі қарай қозғалмақшы екендерін естиді. Ал қалай қарай жолға шығатынын білмейді. Кешке жақын тағы да бір адамға кездеседі. Ол Мейзектен темекі іздеп келе жатқанын, ешкімді көрмегенін айтады. Түнде олар Танашевтің ауылының жанымен жүріп ешкімге кездес­пей Балтақаевтың ауылының қарсысындағы төбеге жетеді. Таңға жақын ауылға келіп бір әйелден: «Отряд қайда?» деп сұрайды. Әйел: «Отряд кетті» деп жауап береді. Осы жерден Сарышоқыға бет алады. Жолда Көмекбайдың ауылына тоқтайды. Бір қыстақта әйелдер тамақтандырады. Еркектер жоқ. Кешкі тамақтан кейін қораға шығады. Осы кезде Сарышоқының басында атыс естіледі. Кімдердің атысқанын білмейді. Бірақ бұларды іздеп жүрген отряд екенін сезеді. Тауға шығып жартастың түбіне жасырынады.
Ыбырай мен Ысқақ құздың басына жетіп, сол жерде соңғы оғы қалғанша атысуға бел байлайды.
Оларды Иерусалимовтың отряды қоршап алады. 1931 жылы 21-наурызда таңғы 7.30-да Ысқақтарға Подолков бастаған отрядың солдаттары сағат 11-ге дейін оқ жаудырады. Біраздан кейін Иерусалимов отрядымен келеді. Олар Ысқақтарға оқты жаңбырша бұрқыратады. Ысқақтар қолға түскісі келмейді. Ол егер Чупиннің өзі болса оған берілуді ойлайды. Бірақ Чупин болмайды, Подолков Чупиннің орынбасары екен. Ол Ысқаққа атысты тоқтатып берілуін сұрайды. Чупинге тірідей жеткіземін деп қолхат береді.
Ысқақ мерген жігіт болған. Ол қызыл­дармен атысып жатқан кездерде отрядтың солдаттарының аттарын ғана өлтіре береді, ал солдаттарды тек қорқытуды ойлады.
Көтерілістің бір басшысы Мақыбаев Әбдіқадыр (Садырбай) – Лепсі уезінің азаматы, руы Найман – Садыр. Осы Қамбар елінде мүғалім болып еңбек еткен. Көтеріліске алғашқыда зорлықпен қосылған. Кейіннен штабтың белгілі мүшесі. Бұл азаматтың тергеушілерге берген жауабында: «Ысқақ тірідей қолға түспейтін еді. Өйткені ол өзінің ауыр қылмыс жасағанын өте жақсы түсінетін. Қалайша олай жасағаны мені таңғалдырады. Мүмкін Жамалитдиновтерге сеніп қалды-ау деймін» деген.
№6 ауылдың көтерілісіне Қамбардың ішін­де Олжашы руы тегіс және Шоқайлы руы­ның біразы қатынасқан. Олардан басқа қам­бардың төмендегі руларынан көптеген ерлер осы көтеріліске өз көмектерін беріп, сарбаз­дармен бірге қызылдардың отрядымен соғысқан.
Оларды:
1) Балшаудан (Байшағыр болар) – Қиқымов Оспанқұл, Қоқымов Асылбек, Жүнісов Дауретбай (Даулетбай болуы мүмкін – Б.Н.).
2) Ұстадан – Жекен Түсіпбай
3) Қуандықтан – Қуандықов Серікбай
4) Кәрібайдан – Макин Серікбай
5) Бөке айдан – Тоқсамбаев Құрманбай, Ыдырысов Қабзолла
6) Аюдан – «Сабыр» ауылынан Ақтайлақов Молдағали
7) Жакештен – Өсербаев Шитен мен Байбосынов Сальмен
8) Айттан – Сары тақтай бөлімшесінен «Жуандық» ауылынан Мұсатаев Мырзакелді
9) Сағындықтан – Сағындықов Қошан
10) Тенко – Қожақанов Ақшабек сияқты азаматтар бастаған.
18-наурыз 1931 жылы Жылтын ауылы арқылы Шұбартаудың тұсымен Балқаш жаққа өтуге мыңбасы Қасқабасов Зарубай бастаған сарбаздар бет алады. Ойламаған жерден алдарынан Қарқаралыдан келген Иерусалимов бастаған отряд шығады. Сол жерде үлкен өзен, осы өзеннің қарсысында төбелер бар екен. Сарбаздардың көпшілігінде қару-жарақ жоқ. Ал қызылдардың отряды осы төбеде 35 адамды қоршап алып атып өлтірген.
Мен архивпен осы жан түршігерлік айуан­дықтың Жырық суда болғанын білген соң, Абыралының Көкшетау ауылына бардым. Мені көтеріліске қатынасқан, кейіннен үш жылға сотталған Наурызбаев Жексембектің ұлы Сайлау осы жерлерге алып келді.
Сайлауға: Жырық суда 35 адамды атып өлтірген, білесіңдер ме? – дедім.
Сайлау: «Бөке, ол жерде ешқандай көтеріліс болған жоқ. Шайқас туралы да әңгіме болған емес» деп жауап берді.
Осы әңгімеден кейін мен архивтен оқыған «Жылтын» деген жерді сұрадым. Сол жердің аты арқылы өзенді таптық. Төбеге шықтық. Төбенің күнбатыс жағында Абыралы ауда­нының бұрынғы «Еңбек» ұжымшарының аза­маттарының немерелері тұрған үй бар екен.
Жас отбасы 600 бастай қойға ие болып жекеменшік ұжымын ашыпты. Олардан: «Балалар осы маңайда бір кезде қаза тапқан көтерілісшілер жерленген жер туралы естідіңдер ме?» деп сұрадым. Олар: «Аға, жоқ естіген емеспіз» деді.
Мен Сайлауға, жанымдағы бірге келген жігіттерге: «Анау төбеге шығайықшы. Осы маңайдан іздейікші. Мүмкін емес. Осы Жылтынның қарсысында «Жырық су» төбесінде 35 аталарымыздың сүйектері ескерусіз жатқанына 72 жыл болды. Біз табуымыз керек, – деп қолқа салдым. Төбеге шықтық. Қуанышымызда шек болмады. Таптық (Қалмақтардың бейітіне мүлде ұқса­майды. Анық біздің аталарымыз жатқан жер).
Бірінен кейін бірі сегіз жерде жерленген адамдардың мүрделерін көрдік. Екеуі үлкен ұра болып қазылған сияқты. Әрқайсысында 13-15 адамның сүйектері жатуы мүмкін. Ал менің жорамалдауымша, мынбасы Қасқабасов Зарубай, штаб мүшесі Ақшолақов Төлеубай, онбасы Бақшойынов Кәрібек, онбасы Жақсыбергенов Нәкен (Сайлаудың айтуы бойынша, бұл ағамызды, еліне ұрлап апарып жерлеген), Сартымбаев Құрым (Атақты Жапалақ батырдың інісі Сартымбайдың ұлы), Таңыбергенов Ынқаш, Секербай, Қожалар жеке-жеке жерленген болуы мүмкін (6 жерде жеке-жеке көмілген).
Иерусалимовтың отряды Ысқақ Кем­пір­баев­тардың қайда екенін таба алмай «Ақсай», «Көккөз», «Тасқора» ауылдарының тұрғындарын ұрып-соғып қинайды. Таба алмаған соң Ақсайдан 11 адамды алып шығып (мұрағатта 9 адамның аты-жөні бар) атып тастаған. Оның ішінде 14 жасар бала да бар. Мен мұрағаттың дерегіне сүйеніп, Сайлауға: «Сәке, Сарышоқыны айналайықшы. Осы жерде біраз адамдар атылған» дедім. Сайлау және менімен бірге жүрген күйеу балам Бекен, шопырым Еркебұлан төртеуміз Сарышоқыны айналып оңтүстік жағына шықтық. Сайлау: «Бөке, мен осы маңайда көтерілісшілер атылды дегенді естіген емеспін. Мүмкін басқа жерлер болар» деді. Содан оңтүстік жағына жазық даламен келе жаттық. Бір кезде жолдың оң жағыңда Сарышоқының бауырынан анадайдан бір оба тас көрінді. Сайлаудан анау не қылған тас екенін деп сұрадым. Ол: «Білмеймін. Мүмкін ескі шекараның белгісі болар» деді. Мен шоферге: «Еркебұлан! Анау оба тасқа жүрші» дедім. «Уазик» машинасымен жолсыз жер арқылы таудың бауырына қарай жүрдік. Жолдан шамасы 300-400 метрдей жер болуы керек. Таудың іргесіне таяу жерде тұрған оба тасқа келдік. Тастың биіктігі 3-4 метрдей, салмағы 1,5-2 тоннадай болуы керек. Оның маңайында он бір жерде (бесеуі бір жерде, алтауы екінші жерде) жерленген көтерілісшілердің моласына кездестік (қалмақтарға немесе басқадай жерленген адамдарға мүлде ұқсамайды).
Еркебұлан, Бекен, Сайлау, мен (Нәсенов Болатбек) жерленген адамдардың бастарына қойылған шағын тастарды жерден қазып алып көтеріп қойдық. Бұл ағаларымыз да 72 жыл ешкімге белгісіз болып жатқан (2003 жылы).
Менің ойымша, 1960 немесе 1970 жылдарда осы атылған ағаларымыздың бір жанашыр адамы болған. Сол кісі мына тасты басқа жерден әкеліп қойған. Оны ешкімге айтпаған. Айтуға қорыққан да болар. Ол батыр жанның жүрегі туысым деп соққан жанашырлық көрсеткен азаматтың тірі болмауы мүмкін. Осы батыр азаматтың аузынан естіген әңгімелері де бар шығар. Оның бала-шағалары тірі болар.
Мен оларға әкелеріңіздің, ағаларыңыздың аты-жөнін мұрағаттан тауып бердім. Енді еске алып ескерткіш орнату сіздердің міндеттеріңіз демекпін.
Сарышоқының оңтүстігі. Ең жоғарыдағы шоқайып тұрған тас ол Ысқақ, Ыбрай Кемпірбаевтар атысқан жері.
Ал төменде көтерілістің құрбандары 11 адам (жастары 1931 жылы 14 пен 30-дың арасы).
Осыдан кейін үшінші қырғын болған жер ол Қара биікті іздедік. Сайлау: «Бөке Қара биік» деген жер жоқ. «Қара жол» деген жер Балтақаевтың ауылы» деді. Міне, сол жерге келдік. Осы жерде тағы да 14 адамның сүйегі көмулі. Тым кеш болып кетті де мен таба алмадым. Сол себепті мен бұл ағаларымыздың жерленген жерлерін Сайлау, Марат Құрман­баев бастаған жігіттер табады деген сенімдемін.
Ысқақтың қатыны да тұтқындалды (Бір жерде Күлшіман, екінші бір жерде Зағипа, соған қарағанда екі қатыны, немесе бір адамда екі аты болған). 24 жастағы Зағипа Делбегетейде (Семей облысы Шар ауданында) туған. Руы – Найман. 14 жасында Ысқаққа тұрмысқа шыққан. Ысқақ сол елде саудамен шұғылданып жүрген кезде үйленуі мүмкін. Мұрағаттың дерегі бойынша Ысқақтың 4 (төрт) баласы болған: Нұртөлеу – 10 жас­та, Бертөлеу – 7 жаста, Байтөлеу – 5 жас­та, 1 жаста ұл (аты белгісіз). Ал Абыралы ауданындағы, Қарқаралы еліндегі Қамбар руының азаматтары Ысқақта бала бар дегенді білмейді. Менің ойлауымша, ол балалар ата-аналарынан айырылған соң, жетімдер үйіне басқа фамилиямен жіберілуі де мүмкін. Ол кезде қазақ балаларын орыс жерлеріне жіберіп, шоқындырып «орыстандыру» саясаты да басым болатын. Мүмкін бұл ағаларымыз да «орыс» болып кеткен болар. Немесе ашаршылық жылдары аштан өліп қалған да шығар. Егер тірі болса, ұрпақтары табыла қалса, аталарының тарихын білер. Мен сондай жақсылық болса екен деп тілеймін.
Кемпірбаева Зағипа 1931 жылы 19 сәуірде ОГПУ-ға: «Абыралы ауданының шекарасынан ешқайда кетпеймін. Отанның бірінші талабымен үкімет орнына келуге міндеттенемін» деп қолхат беріпті.
22-маусым күні ОГПУ-дың үштігінің №76/к қаулысымен (сан №84) концлагерьге 5 (бес) жылға сотталған. Дүние-мүлкі қатталсын, өтеу мерзімі 8-сәуірден есептелсін деген екен.
Мен Абыралы ауданының бұрынғы шекарасындағы бірталай жерлерді аралап Ысқақ, Зағипа (Күлшиман) туралы талай азаматтардан сұрастырдым. Ешкім ешнәрсе айта алмады. Ысқақтың жеңгесі Бөкеннің жолдасы Доғалаңда тұрады екен. Жасы 90-нан асқан. Жаңа жанұясы бар. Кездесудің реті келмеді. Ал Исабаев Әзімхан жолыққанда: «Ысқақтан бала қалған жоқ. Зағипаның қайда екенін білмеймін» депті. Неге олай дегенін түсінбедім. Әлі де ол апаларымыздың бойында қорқыныш бар. Шындықтарын жасырады.
Көкшетау, Қусақ және Жылтында ақпан айының бірінші жартысында болған көтеріліске қатынасқан 114 адамның соты туралы 1931 жылы 1-маусымда соттың айыптау қорытындысы қабылданды.
Соттың осы шешіміне сәйкес істі үштіктің қарауына тапсырды.
1931 жылы 22-маусым күні үштіктің шешімінен № 6 ауылдың 42 адамы ату жазасына кесілді, ал 72 адам сотталды.
Абыралы көтерілісін Кеңес өкіметінің жендеттері аяусыз жазалады: ауданның тоғыз ауылынан шайқаста 101 адам қаза тапты, ал 78-і өлім жазасына кесіліп, Алматыда атылды, 183 адам үш жылдан 10 жылға дейін (№1; 3; 5 ауылдарсыз) сотталды. Сөйтіп, барлығы 362 азамат құрбан болды. Ол кезде ауылдар ру негізінде құрылған. Сол себепті оның ішінде Қамбар руынан – 111, Жалықпас, Жарылғап (Шаншар-Нұрбике), Кешубай, Шақабай руларынан – 22, Шөптеміс руынан – 14, Кедей, Ырғақты руларынан – 18 адам атылған. Қыдыралы руынан 6 адам ату жазасына кесіліп, соңынан 10 жыл түрмеге ауыстырылған. 1500-дей адам ескерту алып, соттан босатылған. 1941 жылы жазалау батальонына жіберілген, көпшілігі қаза тапқан. 14 мынадай адам елін тастап, Ресейге, Қытайға босып кеткен.
Тағы бір атап айтарлығы, жазаға ұшыра­ғандардан басқалардың ішінде 100-ге тарта абыралылықтар (көпшілігі Тарақты руынан, Әміре Қашаубаевтың туыстары) Қытайға қашу ниетімен Алматы облысының Кеген, Нарынқол аудандарына барған. Бірақ оларды біреулер көрсетіп, ақыры қызыл жағалылар барлығын ұстап алып, атып тастаған…
Мен Алматы қалалық қауіпсіздік депар­таментінен Абыралы көтерілісі туралы деректерді толық алдым, 90 пайызын қолмен көшірдім. Мына мақалада «Абыралы көтерілісінің» бір бұтағының бастан кешкенін ғана беріп отырмын. Бұл талай жазушыларға, тарихшыларға, философ-филологтарға, кинорежиссерлерге керекті тақырып болар деген сенімдемін. Мүмкін, кинодан да орын алар. Толық деректерді «Абыралы көтерілісі» атты (9 том) кітабымнан оқуға болады.
Бүгінгі тәуелсіздікке жету жолында осындай ауыр құрбандық шалдық қой. Тек Алла халқымызға өткен қаратүнек күндерді бермесін. Еліміз тыныштықта, бақытты өмірде мәңгілік болсын.

«Абыралы – Дегелең» қоры есебінен осы аруақтарға Қайнарда монумент орнатылды. Менің «Абыралы көтерілісі» атты (9 том) кітабымда аттары аталған ағаларымыздың ұрпақтары болса, осы қорға өз үлестерін қосар деген үміттемін (тел: 3-99-92-11). Есепшот туралы деректерді мына телефон арқылы: 8-777-107-1349 Ерланнан сұраңыздар (ОФ «Абыралы – Дегелең» РНН 182700237174, р/с №000700086, БИК 193801748 в филиал АО «БанкЦентрКредит»).

http://anatili.kz/?p=12167