Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Абылай ханның жазған хаты табылдыАбылай ханның Ресейдегі патша сарайына ұлын жіберу жөніндегі хаты, Патшайым Екатерина Алексеевнаның 1777 жылы 22-желтоқсанда шығарған бұйрығы және Кенесары ханның өлімі жайлы орталыққа жіберілген хабарламамен тұрғындар таныс болды.

Хаттар Ресейдің Омбы мен Орынбор қалаларынан әкелінген екен. Біразы ескі славян тілінде жазылған.

“Әбілхайырдың ханның араб қарпінде жазылған хаты, Кенесары Қасымұлының, Нұралы ханның хаттары бар. Оның хан болып сайлануы және Абылай ханның ұлдары Сүйек сұлтан жайлы деректер бар”, – дейді Астана қаласы мемлекеттік мұрағатының бөлім меңгерушісі Бақытжан Ақтайлақ.

Олар әлі ғылыми айналымға енгізілген жоқ, зерттеушілер тарапынан талдау жасалынған жоқ. Ал бұл құжаттарды көруге келгендер тәлімге толы жиын өткізіп, қазақ хандығы жайлы мол ақпаратқа қанық болды.

Рубрика: