АЛТЫНОРДА
Новости

Абылай ханның Цинь-Луньға жазған хаты елге қайтарылды

434_d15f71c78347e93f22059efc6ef9dcc8Астана. 11 қыркүйек. Baq.kz – ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлттық тарихты зерттеу жөніндегі тапсырмасы бойынша, Мемлекеттік хатшы Марат Тәжиннің төрағалығымен арнайы ведомствоаралық комиссияның үйлестіруімен үлкен жұмыстар атқарылып жатыр.

Таяуда қазақстандық ғалымдар Қытай Халық Республикасының Пекин және Сиань қалаларында археологиялық ғылыми іссапарда болып қайтты. Сапар барысында Қазақстан тарихы мен мәдениетінің жаңа мұрағаттық материалдарын анықтау бойынша Қытайдың Алғашқы Мұрағатымен келісім-шарт жасалды.

«Шарт аясында бірқатар тың деректерге қол жетті. Атап айтсақ, әр ғасырларда Абылай, Уәли, Әбілпейіс хандардың Қытай басшыларына жазған хаттары мен жіберген елшілері, XVIII-XX ғасырлардағы қазақ-қытай қатынастары жайлы құжаттардың көшірмелері жасалды, VI-XIV ғасырлардағы несториандық бойынша бірегей тарихи ескерткіштер, VI-IX ғасырлардағы түркі тайпалары мен тарихи тұлғалардың эпитафиялық ескерткіштері анықталды», — дейді сапарда болып қайтқан ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, тарих ғылымдарының докторы Меруерт Әбусейітова.

Сонымен қатар, ғалымның айтуынша ел билеушілері мен батыр, шешендеріміздің Цин, Құлжа жәрмеңкелеріне қатысқаны туралы тың деректер әкелінген.

Ғабит ҚАРАБАЙ

http://www.baq.kz/kk/news/35498