Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Барша қазақтың басын біріктіріп, қазақты ел болдырып, етек жеңін жинап кеткен қазақтың ұлы ханы Абылайдың 300 жылдық мерей тойы, 2013 жылы ел аумағында тойланатын жайлы , 2012 жылдың басында үкімет қаулысы шыққан. Осы жайлы «Қазақстан-Zaman» газеті исі қазақ қауымынан сүйінші сұрап, сауын айтқанбыз. Жәй, айтып қоймай құнды пікірлер жазып, үн қосқанбыз. Ұлы ханның 280 жылдық мерей тойы, қазақтың мемлекеттігі салтанат құрған Абылай хан ордасын тіккен, көрікті Көкше өңірі, табиғаты тамылжыған Бурабай баурындағы «Ақ қайың» алқабында тойланғанын еске салып, сол жерде тойланса, қалың қазақтың көңілінен шығатынын жазғанбыз.

Той біздің ауылда өтеді деп, Мәдениет ауылының тұрғындары 2011 жылдан өз шамаларынша дайындалуда екен. Той жайында басқада ұсыныстар көтергенбіз. Біздің осы ұсыныс, пікірлеріміз көпшілік көңілінен шықты. Мерей той жайында Қытай, Монғолия еліндегі қандастарымыз ой, пікірлерін келтіріп, Абылайдың асында бірге шабатын дарын білдірісті. Қытайдағы ағайындар Ақмола облысын «Абылайхан» деп атауды ұсынды. Мерей тойды тынғылықты атап өту жайлы Ақмола облысының бұрынғы әкімі Қайрат Қожамжаров арнайы комиссия жасақтап, арнайы бағдарлама бекітіп, тойдың қамына кірісікен.

Қазақта аты аңызға айналған хан, би, батырлар баршылық. Ал, соның ішінде Абылайханның орны бөлек, шоқтығы дара. Бұл әсерелеп айтқандық емес, ақиқат шындық. Атой салып жауға шауып, жекпе жекте, жау батырын жер жастандырып, атын ұранға айналдырған батыр, кесімі кесек, ақыл парасаты мол, аузы дуалы азулы хан . Он саусағынан күй төгілткен, домбырашы, күйші сазгерлігін айтсақта, талай таңды атырарымыз анық.

Абылай ғұмыры қазақтың басына түскен зұлматты жылдарға толы болды. Жоңғарды жойып, екі алып Қытаймен Орыстың қазақты құртудағы, қулығы мен сұмдығы түпсіз сұрқия айласы мен қысымынан арандамай шығу, ақыл мен парасаттың жемісі. Ат жалында жүріп, елін отырықшы, өркениетті ел етуді ойлады. Елінің ертеңін ойлап қиналды. Артында арман, өсиеті қалды.

Ұлы ханның сол арманы, ел тәуелсіздігінің арқасында, елбасы Н.Ә. Назарбаевтың көреген саясатының арқасында орындалды деуге толық негіз бар. Ел басы Н.Ә. Назарбаев өткен жазда Көкшетаудағы «Абылай хан» ескерткіші алдында, халықпен жүздескенде: — «Ұлы Абылайдың қазақ елі үшін тарихтағы орнын жоғары бағалап, арман өсиетінің орындалып жатқанына кеңінен тоқталған. Еліміз өркендеп, толық тәуелсіздікке жеттік, Абылай арманы орындалды»-деп атағанды.

Абылайдың артында қалың қазағы, хан арманын арқалап, өмірге ұштастырған елге тұтқа Нұрсұлтандай кеменгер елбасымыз барда, қазақ елі жасай бермек. Қазақ елінің шоқтығы көтерілген сайын, Абылай бастаған ұлылардыңда мәртебесі биіктей беретіні даусыз.

Бұл мерейлі мерекенің, мәніде, мағнасыда, дәрежесіде жоғары. Мереке мемлекеттік дәреже, жоғарғы денгейде, атап өтілуіне, ел басы, ел болып, атсалысқанымыз жөн. Қазақта «Тас түскен жерінде, ауыр» -деген қанатты сөз бар. Әрине, хан ордасы Абылайдың кезінде Көкше өңіріннен қозғалған жоқ. Мерейлі мерекенің ауыр жүгі Ақмолалықтарға, Көкшеліктерге түсері анық.

Әрине, той Көкше өңірінде басталады.

Мерейлі мерекенің дайындық барысын білуге Ақмола облыстық Мәдениет басқармасының бастығы Кәкенов Базарбай және Абылайдың екінші ұлы Шыңғыстан тараған ұрпағы Мұхитанов Сансызбай мырзалармен ой бөлістік.

Базарбай Мұхамеджанұлы «Тойдың болғанынан, боладысы қызық»-дейді қазақ. Ұлы ханымыздың 300 жылдық мерей тойына дайындық қалай?.

— Қазақтан сөз қалған ба? «Қонғанша қонақ, қонғасын үй иесі ұялады» -демейме. Келетін қонаққа көрсететін ойын сауық қызықпен қатар, ішіп жейтін ас судыда дайындау қажет. Әрине, жүктің ауыры Ақмолалықтарға тиесілі. Мерекенің негізгі іс шараның жоспарын жасап, облыс әкімнің бекітуімен өткен жылдың қараша айында Мәдениет министрлігінің келсімін алуға жібергенбіз. Іс шарада ғылми-практикалық конференция, фестиваль, гала-концерт, ұлтық спорт, ақындар айтысы, көрмелер, облыстағы тарихи жерлерге блок тур, пресс турлар өткізілмекші. Қысқасы қажетті шаралар егжей тегжейлі қарастырылған. Іс шара маусым айында Көкшетау қаласы, Зеренді , Бурабай ауданнының аумағында өткізілмек. Негізгі шара Бурабай бауырындағы «Ақ қайың» алқабында өтеді.

Мәдениет минстирлігі келісім берді ме? Той қашан болмақ?.

-Жауап келе берген жоқ. Бірақ біз өз денгейімізде жұмыс жасап жатырмыз. Шараға қажет қаржы көзін табу жолдарын қарастырып жатырмыз. Қәзіргі жағдаймен 3 млн тенге қаржы жиналды. Облыстың білім, мәдениет саласының қызметкерлері бір күндік жалақыларын сала бастады. Той маусым айына жоспарланған.

Республикалық, облыстық бюджеттен арнайы қаржы бөлінеме. Қәзіргі жоспар бойынша 364,8 млн тенге қажет екен.

-Осы қаржының 20,7 млн. облыс қаржысынан. Қалғаны демеушілер көмегінен толықпақ. Республикадан қанша қаржы шығатыны әзірге белгісіз.

Бұл толықтырылған деуге келмес, қысқартылған екінші жоба емес пе?

— Солай десе болады. Алдыңғы жоба өте ауқымды 700 млн тенгеге шаққан іс шара жоспарланған. Қаржыға байланысты, қысқарып осылай болды. Мемлекеттік денгейдегі мәселені Үкімет, Мәдениет министрлігі шешеді. Әліде алып қосары болуы мүмкін.

Уақыт тығыз сияқты, ауқымды жұмыс атқаруға үлгереміз бе?. Шат қимыл қажет сияқты…

— Үлгеруге тиіспіз. Ұлы ханның тойын тойлау көптен күтілген ұлы іс. Абылайдың асын бере алмасақ елдігімізге сын. Қалайда тойлаймыз.

Абылайдың аруағын риза етеміз дейсіз ғой. Ләйім солай болсын. Ниетіңізге рахмет.

***

Сансызбай Кішібайұлы, Абылай қазақтың басын қосып, елдікке жеткізген барша қазақтың ханы. Дегенмен, қазақ:.-«Қарыстан, сүйем жақын»-демей ме. Ханның тікелей ұрпағысыз қандай ой, пікірлеріңіз бар?.

— Абылай әр қазақтың жүрегінен орын алған. Қазақты, оның иелігіндегі кең байтақ елі мен жерін сақтап қалған басқа хандардан орны бөлек, дара тұлға. Хан бабамыздың осындай даралығын, тарихта алар орнын жоғары бағалап 300 жылдық мерей тойын өткізуді ұйғарған, елбасы Н. Ә. Назарбаевқа, қазақ халқына зор алғысымды білдіремін. Мереке жоғары денгейде, Ұлы ханның атына лайық өтсе деген тілегім бар. Біз төре ұрпақтары бір кісідей жұмылып ат салысамыз. Шеттегі қазақтар, төре ұрпақтарыда тойға көмектесуден шет қалмайды. Қәзірден хабарласып жатыр. Ұлы ханның абройын, еліміздің беделін асқақтатып, ер қазақпен, өр қазақтың рухын көтерейік. Сол үшін. Хан Абылайдың асына сауын айтып, мерекені мерейімен өткізуге барша қазақты жұмылуға шақырамын.

Сөз түйіні. Аллаһтан кейін, Қазақтың жер бетінде сақталып, қалуына бірден бір себепшісі болған Абылайдың орны, қазақ елі үшін ерекше. Тойыда ерекше болуы шарт. Әр, игі істің қолдаушысы бар. Қаржыға тірей бермеген дұрыс. «Айтпаса сөздің, атасы өледі». Іс шараның жоспарына төмендегі шараларды қосса оң болар деген үміт бар.

— Мереке Халықаралық дәрежеде өткені жөн. Оны қазақа елінің бас ханы ретінде Орыс, Қытай патшалары мойындаған. Қытайдың Манж ханына қарсы ұлт азаттық көтеріліске шыққан Ойрат ханы Амарсананы қолдаған, манж әскерінен жеңіліп келгенде паналатқан. Бұл жайында Монғолия тарихшылары нақты жазған. Халық аралық дәрежесін ескерген жөн. ЮНЕСКО-шеңберінде тойласада артық емес..

— Абылай ханның жүріп өткен жорық жолдары, тарихи орындарға саяхат жасау ұйымдастырылса. Кейінгі ұрпаққа өнеге болар еді.

— Негізгі іс шара өтетін Мәдениет ауылында қазақтың нағыз этно ауылын жасақтап, тамашалатса. Тамашалатып қоймай Бурабай курорт аймағында өркендетсе, туризмнің келешегіне пайдасы зор болмақ. Ұлы хан қоныс еткен Мәдениет, Абылайхан және оның маңындағы ауылдарды, ХХ1 ғасыр талабына сай үлгілі ауыл дәрежесінде жаңғыртса қандай тамаша болар еді. Бұлар таза қазақ ауылдары.

— Осы «Ақ қайың» алқабында бірнеше кино түсірілді. Осы алқапқа тарихи мәні бар ескерткіш, тарихи панорама орнатса. Тіпті Америкадағыдай кино түсіретін қалашық «Холивууд» жасақтаса, еш мәнін жоғалтпайтыны даусыз. Қәзір бізде тарихи кино жоқтың қасы. Хан, би, батырлар, қазақ тарихы туралы хикаяттар түсірілуі хақ. Оныда ертеден ойласақ.

— Ұлы хан Абылайдың атына орден тағайындалса, 300 жылдығына арнап мерекелік медаль шығарса. Кезінде жазғанбыз, қайталаймыз. Елдің, елдіке бастаған ұлы тұлғалардың ерлік ісі жалғаса беретіні хақ. Оны ұлықтайтын қәзір біз. Ертең ұрпағымыз. Сол үшін ұрпаққа өнегелі іс пен із қалғаны абзал.

Абылай ханның 300 жылдық мерекесіне үлесімді қосып атсалысамыз деушілерге арнап, жинақ қорының банклік дерегін беріп отырмыз.

«Ақмола облыстық тарих-мәдени мұра » мемлекеттік қоры.

БИН 040540004344

РНН 032600221460

ИИК КZ 92319L010000378261

АО «БТА банк»

БИК ABKZ KZ KX

КБЕ 16, КНП-859

Қаржы салушы парақты толтырғанда «Абылай ханның 300 жылдық тойына»-деп жазуы шарт. Анықтама телефондар: 8-716-2-25-49-29; 25-21-75. Дахан Шөкшир.

Ұлт порталы

Рубрика: