Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

АСТАНА. 24 қаңтар. BAQ.KZ – Биыл қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың алғаш жыр жинағының басылып шыққанына 105 жыл толады. Осыған орай Шығыс Қазақстан облыстық А.С. Пушкин атындағы кітапханада мәдени кеш өтті.

Абай Құнанбаевтың тұңғыш кітабы 1909 жылы Санкт-Петербург қаласында тұңғыш мұсылман баспаханасынан басылып шыққан болатын. Деректерге сүйенсек, жинақтың жарыққа шығуына Әлихан Бөкейханов түрткі болған. 1915 жылдың 18 қаңтарында Кәкітайдың өліміне байланысты «Қазақ» газетінде шыққан мақаласында «1904 жылы Абай марқұмның өлеңін кітап қылып басыңдар деп, балаларына хат жаздым», – деген жолдар соның куәсі. Абай мұрасын жинақтаушы Кәкітай Ысқақұлы көп қиыншылықты жеңіп, ақын кітабының басылып шығуына үлкен енбек сіңірген. Тек қазақ қана емес, жалпы түркі халықтары үшін орасан зор еңбек етіп, ақынның тұңғыш кітабының шығу тарихын зерттеп, үлкен мұра қалдырған белгілі абайтанушы ғалым – Қайым Мұхамедханов. Мәдени кеште жиналғандар ұлы ақынның алғашқы туындысын басып шығарған баспаның иесі кім, қай жерден келген, қай ұлт өкілі деген сұрақтарға жауап ала алады. Кеш бағдарламасында сонымен қатар осы және басқа Абайдың тұңғыш өлеңдер жинағына қатысы бар адамдар туралы әңгіме қозғалады. Абай шығармаларының көрмесі мен слайд-презентация, Абайдың әндері мен өлеңдері танымдық кешті толықтыра түспек. Ақынның тұңғыш кітабының шығу тарихы туралы қызықты дәлелдермен танысқан оқырмандарды тағы бір тосын сый күтіп тұр. Ғасырлық ғұмыры бар, араб графикасымен жазылған Абайдың тұңғыш кітабының электронды нұсқасын көруге қызығушылық танытқан оқырмандар «Qazaq Aqyny Ibrahim Qunanbay Oghlynyng Olangy» – деген жинақты облыстық кітапхананың сайтынан (http://www.pushkinlibrary.kz) көре алады. («Стихи казахского поэта Абая Ибрагима Кунанбаева», изданные в Санкт-Петербурге в 1909 г.) Ата-бабамыздың ой-арманы тоғысқан еліміздің рухани мұрасын сақтау – «Жаңа Қазақстандық Патриотизм» негізінің бірі. Елбасы айтқандай «Елдің болашағын барша халықпен бірге жасайық!».

 

http://baq.kz/kk/history/383

Рубрика: