Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 АСТАНА. 28 мамыр. BAQ.KZ – Беларусь президенті Александр Лукашенко 2014 жылдың 29 мамыры күні Астана қаласында президенттер деңгейінде өтетін Жоғарғы Еуразиялық экономикалық одақтың отырысына қатысу үшін Қазақстанға ұшып шықты, деп хабарлайды беларусь басшысының баспасөз қызметі.

Қазақстан, Ресей және Беларусь басшылары жеке отырыс өткізіп, кейіннен оларға Армения мен Қырғызстан президенттері мен делегациялардың мүшелері де қосылады.
Жиын барысында Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартқа қол қою мәселесіне баса назар аударылады.

http://baq.kz/kk/news/47842

Рубрика: