Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.


Астана. 12 ақпан. BAQ.KZ – Жапония Астанасы Токиода тәртіп сақшылары тосын жайтқа тап болды. Қаладағы ойын-сауық орталықтарының бірін тексеру барысында олар қарт жезөкшелерді құрықтаған. Жеңіл жүрісті әйелдердің арасындағы ең жасы қырықта. Ал, ең кәрісі – 98 жаста екен. Бұл жайында Вести.Ru хабарлайды.

 

Жүзге таяған әжей Ұлыбританияның тумасы болып шықты. Аты-жөні Милле Купер. Жезөкшелікпен ол сонау Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінен бастап-ақ айналысқан.
Осынау ойын-сауық орталығына көңіл көтеруге негізінен зейнет жасындағы қарттар келеді екен. Иелеріне де жақсы табыс көзіне айналып үлгерген. Мәселен, айналдырған екі жыл ішінде орталық жарты миллион доллар пайда түсіріпті.
Айта кетейік, Жапония қариялары көп мемлекет. Өмір сүру ұзақтығынан да бұл елдің алдына түсер мемлекет жоқ. Елдегі халықтың 20 пайызын бүгінгі таңда 65 жастан асқан азаматтар құрап отыр.

 

http://www.baq.kz/news/23195

Рубрика: