Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

image800-ден астам тастанды бала «Аналар үйінің» арқасында балалар үйіне жіберілген жоқ. Бұл туралы бүгін ОКҚ баспасөз мәслихатында «Аналар үйі» жобасының жетекшісі Балия Кенжеболатова айтты.
«Мен «Асыл бала» қауымдастығы құрамында «Аналар үйі» арнайы жобасын жүргізіп келемін. Біз онда әлеуметтік жетімдіктің алдын алу шаруаларымен айналысамыз. Ең бірінші біз ата-аналардың өз балаларынан бас тарту себептерін анықтауға назар аударудамыз. Бүгінде біздің атқарған жұмысымыз — 800-ден астам бала жетімдер үйіне жіберілмей, анасымен бірге «Аналар үйіне» алынды», — деді Б.Кенжеболатова.
Оның айтуынша, «Аналар үйі» жобасы Қазақстанда 2013 жылдың мамыр айында ашылған. Бүгінде еліміз бойынша 23 осындай үй жұмыс істеп тұр. Оларда белгілі себептермен өз баласынан бас тартқан жалғызбасты аналар баласымен бірге қамқорлыққа алынып, әлеуметтік және психологиялық көмек көрсетіліп, өз баласын өзі тәрбиелеуіне барлық мүмкіндік жасалады. Осының нәтижесінде психологиялық стрестен шыққан аналар ендігі жерде бір кездері тастап кетпек болған балаларынсыз өмір сүре алмайтындарын ұғынады.
«Біздің басты міндетіміз — аналардың баласынан неліктен бас тартқанын анықтау. Және тәжірибе көрсеткендей, осындай тағдыр тауқыметіне түскен аналарға дер кезінде қаржылай және психологиялық көмек көрсету арқылы олардың балаларынан бас тартуының алдын алып, көздері жаутаңдаған кішкентай періштелердің балалар үйіне түсуінің жолын кесуге болады», — дейді жоба жетекшісі.
Айта кетейік, соңғы статистикалық деректер бойынша Қазақстанда 5 миллионға жуық бала бар. Олардың 3-7 жас аралығындағы 600 000-нан астамы тұрмысы нашар отбасыларда тұрса, 33 000-нан астамы — жетім.

http://zhebe.com/

Рубрика: