Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

АСТАНА. 12 мамыр. Baq.kz — Әлемнің 120 елінен 78 мыңға тарта адам нидерландтық Mars One коммерциялық емес ұйымы ұйымдастырған Марсқа көшу жөніндегі бағдарламаға қатысуға тілек білдірді, деп хабарлайды Қазақпарат.

Тілек білдірушілердің басым бөлігі — АҚШ тұрғындары (17 324 адам). Одан кейін — Қытай (10 241) мен Ұлыбритания (3 581) тұр. Алғашқы ондыққа сондай-ақ Ресей, Мексика, Бразилия, Канада, Колумбия, Аргентина және Үндістан тұрғындары кірді.

Өтініш қабылдау 22 сәуірде басталды. Өтініштер 31 тамызға дейін қабылданады. Mars One компаниясының атқарушы директоры және негізін қалаушылардың бірі Бэс Лэнсдорп оған дейін компанияға 500 мыңға дейін өтінім түседі деп мәлім етті.

Бағдарлама шарты бойынша, 2023 жылы Mars One Қызыл ғаламшарға төрт жеңімпазды түсірмек. Компанияның қоныстанушыларға жұмсайтын шығыны 6 миллиард долларды құрайды. Одан кейін ұйымдастырушылар Марстағы колонияны кеңейту үшін әрбір екі жылда жаңа астронавтарды аттандырмақшы. Шығындарды компания колония өмір сүре бастаған алғашқы жылдардағы реалити-шоудан түсетін кіріспен қайтаруға үмітті. Акцияға қатысушының жасы 18-ге толған болуы тиіс. Өтінім беру үшін компания сайтына бір минуттік бейнеролик орналастырып, өзінің Марсқа бару тілегі жөнінде әңгімелеуі, сондай-ақ 5-тен 75 долларға дейін қатысушының әл-ауқатына қарай жарна төлеуі қажет.

http://www.baq.kz/kk/news/28108

Рубрика: