Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Киевте шеруге шыққандармен қақтығыс нәтижесінде 70 тәртіп сақшысы зардап шегіп, 40-тан астамы ауруханаға жатқызылған. Бұл туралы rbc.ru порталы хабарлады. Шерушілердің арасында да жарақаттанғандар бар.

«Дәрігерлер  басынан жарақаттанған 20 белсенді туралы айтады. Олар жарақатты Украина үкіметі мен Жоғарғы Рада ғимараты орналасқан Грушевская көшесінедгі қақтығыста алыпты», — делінген хабарда.
Портал хабарлауынша, митингілеушілер Киев орталығында Украина ІІМ 4 қызмет автокөлігі мен екі жүк көлігін өртеп жіберген. Милиция сол жанған автокөліктерді сөндіру үшін су шашқыштарды қолданған. Белсенділер Киевтегі «Динамо» стадионына кіре берістегі ғимаратты жағып жіберген.
Украина президенті Виктор Янукович Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Андрей Клюевке елде туындаған саяси дағдарысты шешу үшін жұмыс тобын құруды тапсырды. Президент тапсырмасына сай жұмыс тобына президент әкімшілігінің және министрлер кабинетінің өкілдері кіруі тиіс.Сонымен қатар В. Янукович жұмыс тобының өкілдерімен 20 қаңтарда оппозиция өкілдерінің кездесуін өткізуді тапсырды.
БАҚ-тар хабарлағандай, Грушенвский көшесінде қақтығыстар 19 қаңарда апта сайынғы Незалежности Майданындағы халық наразылығы вечесінен кейін орын алған. Наразылық танытушылардың арасында радикалды пиғылдағылар милицияға тас  пен жанар май құйылған бөтелкелер лақтырып, бірнеше милиция машинасын жағып жіберген. Өз кезегінде құқық қорғау орган қызметкерлері су шашқыштар мен көзден жас ағызатын газ және резинка оқтарды пайдалана бастаған.

Дуанабай Жолдасбек

http://www.aikyn.kz/articles/view/40364

Рубрика: