Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

6 жасар баланың аянышты тағдырыАлдыңыздағы суреттегі 6 жасар Лонгтың ата-анасы СПИД ауруынан көз жұмған, бөбектің өзі де жұқпалы ауруға душар болған екен. Оның өркениет пен өзін қорашаған адамдардан тыс жерде өмір сүруіне себеп болған — дәл осы жағдай. Лонг бүгінде өзінің жұпыны лашығында бір өзі тұрады: оның бақшасы, тауықтары, иті және 70 юань жәрдемақысы бар.

Оның лашығы Қытайдағы Гуанси ауданындағы шағын ауылда орналасқан. Жергілікті мектеп Лонгты қабылдаудан бас тартып отыр. Тіпті, кейбір ата-аналар оның сыныпта өз балаларымен отырғанын көретін болса өлтіретіндігін айтқан деседі. Бұл аз десеңіз, жергілікті дәрігердің өзі дертті жұқтырып алудан үрейленіп, емдеуден қашып отыр. Баланың 84 жастағы әжесі баланы үйіне кіргізбесе де, ара-тұра келіп, бақша жұмыстарына көмектесіп тұратын көрінеді.

Лонгтың тұрып жатқан цементті лашығында терезе де, жылу да жоқ. Шынашақтай бала өзі өсіретін орамжапырақ пен пиязды қорек етеді, тамақты өзі жасайды, кірін, ыдысын жуады, қысқасы, ересектер жасайтын барлық шаруаны бір өзі атқарып жүр.

Мемлекет Лонг «батырға» тағайындаған 70 юань жәрдемақыны (10 доллар) биылғы жылы 100 юаньға (15 доллар) көтеруге уәде беріп отыр. Сонымен қатар, мемлекет тарапынан дәрі-дәрмектер де беріліп тұрады екен.

Әлемде мейірімді адамдар жоқ емес. Балаға біреу ара-тұра жасырын түрде киім, жамылғы, тағам тастап кететіндігі белгілі болған. Мәселен, жақында бір азамат балаға 20 келі күріш пен 5 келі кеспе әкеліп берген.

Осыншама қиындықтарға қарамастан, Лонг өзге балалар сияқты доппен, ағаш қылышпен, өзінің сүйікті итімен ойнағанды ұнатады екен. Қара ит – оның отбасының жалғыз мүшесі және екеуі бірге ұйықтайды.

Лонг өз бетімен жазуды, оқуды үйренген, ауыл азаматтарының бірі оған күн сайын жергілікті газетті әкеп береді. Бұл – әзірге Лонг үшін қоршаған ортаға шығатын жалғыз «терезе» болып тұр.



Суреттер:igorserko.livejournal.com,planeta.moy.su,vk.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

massaget.kz

Толығырақ: http://alashainasy.kz/society/6-jasar-balanyin-ayanyishtyi-tagdyiryi-58441/
материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі

Рубрика: