Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

434_5d75725c2cf77c6867557ed707ffdce5Астана. 16 шілде. Baq.kz – Енді сегіз жылдан кейін автокөліктер өздігімен жүріп, адамдар сауда-саттықты үйде отырып жасай беретін болады. Тек төлем карточкасына өзінің салмағын, бойының өлшемін енгізіп қойса болғаны, сол пішініне сай үйге дүкеннен тікелей киім жеткізіледі.

Тіпті, сыйлықты да сатып алудың қажеті болмайды, өйткені ғалымдар ойлап тапқан 3D принтері арқылы интернетпен жіберген сыйлықты шығарып алудың мүмкіндігі бар дейді «Болашақ физикасы», «Мүмкін емес физика» кітаптарының авторы Митио Каку.
Тағы бір үлкен жетістік медицина саласын күтіп тұр. Енді 18-23 жылдан кейін адам органдарын био-пластиктерден жасап шығару қарапайым іске айналады деп күтілуде. Көптеген ауру түрлері жойылып, ағзаның жағдайы нанокомпьютерлер арқылы қадағаланатын болады. Науқастың жағдайын білу үшін қан алып, түрлі талдауларды жүргізудің де қажеттілігі қалмайды. Дәрігерлер арнайы чип орналастырылған дәріні емделушіге беру арқылы, оның денсаулығын өз бақылауларына толықтай алады.
Ал, 43-83 жылдан аралығында адамдар мүлдем жұмысқа бармайды. Арнайы көзілдіріктер арқылы біз басшылықпен және әріптестермен тікелей байланысқа шығып, тапсырмаларын үйде отырып-ақ орындауға мүмкіндік тумақ. Тіпті, 2100 жылы адам мен роботтардыңдеңгейі теңестіріледі. Бүгінгі компьютерлер де ол уақытқа дейін жоғалады, яғни керексіз болып қалады дейді Каку мырза. Ол көрші Ресейде өткен «Иннопром» көрмесіне қатысып, осындай пікірлерімен бөліскен болатын.

 

http://www.baq.kz/kk/news/32278

Рубрика: