АЛТЫНОРДА
Новости

3D үлгісіндегі суреттер

photo (1)Сирияның архитектура университетінің (Ebla Private University) студенті, 20 жастағы Мухаммед Эйле (Muhammad Ejleh) көпшілікке таңғажайып суреттерімен белгілі. Ол 1992 жылы 31 тамызда Сирияның Халебе қаласында дүниеге келген. Суретші өз жұмыстарын 3D үлгісіндегі, абстрактілі, қиял мен мистика астасқан «анаморфты өнерге» жатқызады. Оның туындылары үлкен галереяны толтырмаса да, біртіндеп дүниеге келу үстінде.

Мухаммед Эйленің басты мақсаты көрермендерге ерекше әсер, жағымды көңіл-күй сыйлау. Ол сол себепті көптеген жас суретшілермен бірге ортақ мүддеде жұмыс жасауға дайын. Суретшінің ең бір сүйікті жұмысы – Венеция» картинасы. Бүгінге дейін «Эйфель мұнарасынан» кейін қиынға соққан жұмысы санайды. 3D үлгісінде бір сурет салу үшін ол 8 сағаттай уақытын жұмсайды. Суретші-иллюстратор жұмысына тек қарындаш пен қағазды ғана пайдаланады.

Мухаммед Эйленің суреттері:

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

http://massaget.kz/alemtanu/syrly-alem/15184