Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

АСТАНА. 11 ақпан. Baq.kz  — Қытайда тұратын 27 жастағы Ву (тегі) босанғаннан кейін 6 ай ішінде 40 жасқа ерте қартайып кеткен. Оның бет-әлпеті әжімденіп, 70 жастағы кейуананың кейпіне енген. Жарты-ақ жыл бұрын ажары келіскен келіншек болған Ву қазір өз-өзін айнадан көрген сайын көз жасына ие бола алмайды екен. Келіншек өзінің жарты жыл ішінде неліктен тым тез қартайып кеткеніне түсінбей дал.

«Бұрын мен өте көңілді, өз-өзіме сенімді болатынмын. Өзімнің қатарластарым сияқты киініп, бұрынғы қалпымда жүруге қанша тырыссам да, тым тез қартайып кеттім. Мені қазір көрген адам кемпір екен деп қалады, ештеңе істей алар емеспін. Барлығы мені кемінде 60-70 жаста деп ойлайды», — дейді Ву.
Бұл өзгеру процесі екінші баласын дүниеге әкелгеннен кейін жарты жылдан соң байқала бастаған. Аяғының тез шаршауы, терісінің әжімдену процесі бірте-бірте жылдамдай түскен. Алғашында Ву бұған аса мән бере қоймағанын айтады. Бірақ бет-әлпеті әбден әжімденіп кеткенде дәрігерлердің кеңесіне жүгінген.
Дәрігерлердің айтуынша, бұл келіншекте сирек кездесетін анетодермия деген ауру түрі пайда болған. Бұл жағдайда эластикалық талшықтардың болмауынан, бұлшықеттің атрофиясы және босаңсуы жиілейді екен. Жастықты қалай қайтару керек немесе кәрілікті тоқтатуға бола ма деген сұраққа дәрігерлерде ешқандай жауап жоқ. Себебі, медицина тарихында әлемде мұндай жағдайлар өте аз кездеседі екен. Әрі мұндай аурулардың емі де бүгінгі күнге дейін табылмаған көрінеді.
Айта кетейік, осындай ерте қартаю ауруына қазақстандық Нұржан Өркешбаев та шалдыққан еді. Оның бойынан прогерия (ерте қартаю) дерті 4 жасынан байқала бастапты. Н.Өркешбаев Атырау облысының Қызылқоға ауданындағы Мұқыр ауылында туып-өскен. Жасынан бұрын қартайған Нұржан Өркешбаев 1991 жылы туған. Оның бет-әлпеті 20 жасында 70-гі қарттай болған еді. Былтыр Нұржанға отандық хирургтар бірнеше рет ота жасаған болатын.

 

http://www.baq.kz/news/23118

Рубрика: