Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

АСТАНА. 7 қазан. Baq.kz — «Твин Пикс» телехикаясының жалғасы экранға 2016 жылы жол тартады, деп хабарлайды РБК режиссер Дэвид Линчтің твиттердегі парақшасына сілтеме жасап.

«Қымбатты Twitter-дегі достар… бұл іс қайта қолға алынды», — деп жазған Линч Youtube каналындағы бейнероликке сілтеме жасайды.

Бейнероликке сәйкес, сериал 2016 жылы, яғни араға 25 жыл салып барып жарыққа шықпақ. Оның астындағы комментарийлерде бұл телехикая жалғасының тоғыз эпизодтан тұратыны, оның сценариін Линч пен Марк Фрост жазатыны айтылған.

Айта кетейік, «Твин Пикс» — әлемге әйгілі драмалық телехикая, оны режиссер Дэвид Линч түсірген. Ал сценариін Линч пен Фрост жазған. Сериал экранға 1990 жылдың 8 сәуірі мен 1991 жылдың 10 маусымы аралығында шыққан еді. 2007 жылы «Time» журналы оны барлық кезеңдегі үздік ТВ-шоулар қатарына қосқан.

http://baq.kz/kk/news/54156

Рубрика: