Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

з0999Қазіргі таңда Үндістан мемлекеті халық саны жағынан әлемде екінші орында тұр. Нақтырақ айтсақ, Үндістандағы жалпы халық саны – 1,21 млрд адам. Бұл Жер планетасының 17%-ын құрайды. Осыдан тұп-тура 60 жыл бұрын, Ұлыбритания бодандығынан босап,  өз тәуелсіздігін жариялаған жылдары Үндістанның халық саны 350 млн. адамды ғана көрсеткен екен.

Алпыс жыл ішінде үндістандық азаматтардың саны үш есеге өскен. Статистикалық көрсеткіштер екі он жылдықтан кейін Үндістанның Қытайды басып озатындығын айтып отыр (Қытайдағы халық санының көрсеткіші — 1 360 436 583). Ал дәл қазір халық саны жөнінен бірінші орында тұрған Қытай елі туу санын азайту шараларын қызу жүргізіп жатыр.

Халық санының осыншама тез өсуіне кедейлік, білімсіздік, денсаулық сақтаудың төмен деңгейі, әсіресе контрацепция себеп болып отыр. Адамдар тіпті сақтануды, тууды бақылауға алуды да білмейді. Бұл әсіресе кедейліктің құрсауында жүрген адамдарға байланысты.

Үндістан үкіметі өз алдына туу көрсеткішін 1,6%-ға дейін төмендету мақсатын қойып отыр. Алайда, ол үшін жақсы жоспарланған, тиімді, нәтижелі стратегия қажет.

 

Суреттер:byaki.net

Дайындаған:Айгерім Сматуллаева

 

http://massaget.kz/alemtanu/shartarap/11153

Рубрика: