Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Астана. 13 наурыз. Baq.kz — 2018 жылы Қазақстанда дүниежүзілік шахмат олимпиадасы өтеді. Бұл туралы Астанада өткен баспасөз-конференциясы барысында ҚР шахмат Федерациясының директоры Әлия Мұқажанова мәлімдеді.  

 

«2014 жылы ФИДЕ күнтізбесі бойынша бізде шахмат ойындарынан Гран-при өтеді деп жоспаранған болатын. ҚР Шахмат Федерациясының президенті Әсет Исекешевтің халықаралық шахмат федерациясының басшысы (ФИДЕ) Кирсан Илюмжиновпен кездесуі барысында аталмыш мәселе талқыланып, 2017 жылы шахматтан Гран-при, ал 2018 жылы Қазақстанда дүниежүзілік шахмат олимпиадасы өтетін болды»,-деді Мұқажанова, журналистердің сауалдарына жауап беру барысында.

Естеріңізге сала кетейік, ФИДЕ 2018 жылы ерлер арасындағы шахматтан өтетін дүниежүзілік олимпиаданы өткізу туралы Астананың өтінішін 2014 жылдың тамыз айында ғана қарастырамыз деген болатын. Илюмжиновтың пайымдауынша, бұл жеңіс Қазақстанға бұйруы ықтимал. Астанада 2017 жылы өтетін ЭКСПО көрмесіне енгізіген инфрақұрылымдарды Дүниежүзілік шахмат олимпиадасын өткізуге де қолдануға болады деп отыр ол.

 

 

http://baq.kz/news/24664

Рубрика: