Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Келе жатқан жылы күндерді аңсай отыра, көктемде сәнді болатын трендтермен алдын ала таныс болыңыздар.

Су асты әлем 

Мұхит астындағы әлемді еске салатын суреті бар көйлектер қайта сәнге кірмек. Су тақырыбындағы киім ашық түсті, нағыз көктемдік бейне.

Қысқа топтар

Қысқартылған топ пен ұзын белдемше — келер көктемнің ең сәнді трендтерінің бірі.

Аппақ апликация

Түрлі ойықтары бар ақ көйлектер көктемнің тағы да бір сәнді жаңалығы болмақ.

Нәзік шілтер

Ақ, алқызыл не күңгірт шілтерлі киім салтанатты отырыстарда жиі байқалатын болады.

Мөлдір көйлектер

Жартылай мөлдір көйлектер көктемде нәзіктік пен тартымдылықтық трендіне айналады. Айта кетсек, бұндай бейнемен аксессуарлар барынша аз киіңіз, шаш сәніңіз де ұстамды болсын.

60-жылдар

60-жылдардың стилі қайта оралады. Сәнді көйлектер, биік шаш сәндері көктем мен жазда өте танымал болуға тиіс.

Жарқын түстер

Ең жарқын, «қышқыл» түстер көктемнің келгенін еске салып тұрады.

Плиссирленген мата

Нәзік, жеңіл көйлектер көктемнің жылы күндері нағыз хитке айналмақ.


Дайындаған: Сания Аринова

http://massaget.kz/bastangy/sn/8000

Рубрика: