Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Ескі дүкеннен болымсыз тиынға сатып алған көне бұйым аяқ астынан құны артып, байлыққа батырса, бақыттан бас айналып, құлап қалуыңыз әбден мүмкін.

Нью-Йорк қаласының тұрғыны дәл сондай жағдайға «душар болған». Осыдан алты жыл бұрын бір ескі бұйымдар сататын дүкеннен Қытайда жасалған бір шыныны әшейін қызығушылығы үшін ғана сатып алған. Алайда осы 19 наурыз күні Нью-Йорк қалалық ескі бұйымдарды бәсекелестіріп сату орынында бұл шыны 2 миллион 225 мың АҚШ долларына дейін көтеріліпті. Ең соңғы баға қоюшы Ұлыбританияның әйгілі тарихи бұйымдар саудагері Giuseppe Eskenazi.

«Бұл шыны піл тісінен өте шеберлікпен жасалғаны байқалып тұр. Бұдан да маңыздысы, диаметрі 12.5 cm келетін бұл шыны Қытайдың солтүстік Сұң патшалығы кезінде жасалған тарихи жәдігер. Шынының көлемі бірдей екінші нұсқасы қазір Ұлыбритания мұражайында сақталғанына 60 жыл болған. Бұл соның екінші нұсқасы. Бұл сол дәуірден қалған бірден-бір мұра. Сол дәуірдің өзгеше қолөнер ерекшелігін әйгілейді» дейді сатып алушы.

Әйгілі тарихи бұйымдар саудагері Giuseppe Eskenazi

Ал аты-жөнін айтқысы келмеген тарихи мұраны сатушы азамат 2007 жылы АҚШ еліндегі Қытай базарын аралап жүріп, ескі бұйымдар сататын дүкеннен үш долларға сатып алған да, үйіне апарып терезе алдына тізіп қойған. Тарихи мұрағаттардан хабары бар досы бұл жәдігерлікті қатысты органдарға барып бағалатып көруді айтқан. Сонымен, бағалау барысында шынының құны 200-300 мың доллар болатынын айтқанда көзі атыздай болыпты. Ал бәсекелестіріп сату барысында оның құны он есеге бір-ақ көтерілген.

Дайындаған: Алшын Матай
Сурет: baidu.com

 

http://massaget.kz/alemtanu/zhahan/9356

Рубрика: