Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Астана. 7 сәуір. Baq.kz – Корей кино фестивалі биыл Қазақстанның үш қаласында өтеді, — деп хабарлайды Baq.kz тілшісі ҚР Корей Республикасының елшілігіне сілтеме жасай отырып.

11-12 сәуір аралығында Ақтөбе, 26 сәуір Алматы, 2-3 мамырда Астанада өтетін фестиваль аясында Корей мәдени орталығы қазақстандықтарға төрт фильм ұсынады.
Көрермендер режиссер Сон Ян Сунның «Клиент», режиссер Мин Чху Чханның «Мен сізді сүйемін» драмасы, режиссер Сын Ван Рюдің комедиялық боевигі «Арахан» және шынайы оқиғаға негізделген режиссер Ю Чон Чанның «Менің Папароттиім» картиналарын көре алады. «Менің Папароттиім» фильмі ең алғаш рет 2009 жылы Star King шоуында көзге түскен Ким Хо Чжунның сахнаға келгенге дейінгі өмірі баяндалады.


Фильмдерге кіру барлық қалаларда тегін.

 

http://baq.kz/kk/news/45478

Рубрика: