АЛТЫНОРДА
Новости

1 долларға не сатып алуға болады?

1 долларға әлемнің әр елінде не сатып алуға болады? Сөйтсек, «балық педикюрінен» бастап 40 бөдене жұмыртқасына дейінгі аралықта өте-мөте көп нәрсе сатып алуға болады екен.

Камбоджа: «бақытты сағаттар» (Happy Hour) саналатын құйып сатылатын сыра немесе зімбір (имбир) өсімдігі қосылған отқа қақталған құрбақа, қытырлап тұрған қуырылған өрмекші, 20 минут «балық педикюрі», 4 литр ауыз су, Ангкор-Ватадан теркөйлек (майка) (әрине, ар жағында шамалы тиын қосып жақсысын алуға болады), екі бөтелке «Кока-Кола», елу грамм дат сыры. Сонымен қатар, 1 долларға кір жуатын орталыққа бір келі киімдеріңізді алып бара аласыз.

Аустрия, Вена: «Kornspitz» тоқаш наны.

Филиппин: жарты сағат аяқ массажы, қуырылған ұсақ балықтар, шашты қысқартып алу, 28 «Мальборо» темекісі, «7Eleven» кофесі, «AA» тұрпатты 3 батарейка, екі сағат интернет, «Mr. Donut» дөңгелек бүйрегі (пончик), 2 сағат таксиде жол жүру, 4 литр ауыз су мен табақ-табақ палау.

Испания: Канар аралдарында, оның ішінде Тенерифеде 1 долларға бір шыныаяқ кофе келеді.

Вьетнам: бір күн бойына велосипед жалдау, сүтпен екі шыныаяқ кофе, «Mobifone» симкасымен 15 минут әңгімелесу, «Фо сорпасы, кішкене көлемде кір жуу, 250 грамм қантталған зімбір, 40 бөдене жұмыртқасы, 1 вьетнам қалпағы, бір-екі газет, 1 DVD, 7 литр ауыз су, «Halida» сырасының екі шөлмегі, 1,25 л бензин.

Ұлыбритания: жарты литр бензин, екі темекі (екі пар), 3 алма, газет.

Хорватия: үлкен мөлшердегі балмұздақ.

Дания: бір литр сүт, ашық хатқа арналған маркалар.

Венгрия:  Будапеште 1 долларға 1 балмұздақ немесе  4 кішкене алма немесе 1 гамбургер немесе 1 газет немесе ескі қалада жарыт сағатқа автокөлік (парковка) қоюға болады.

Түркия: автобусқа билет, «Кока-Кола» банкасы, сендвич, бір құты шай, екі-үш газет, бір келі апельсин немесе алма, жарты келі банан, екі бөтелке су ( 0,5 литрлік), екі сопақ нан (батон).

Италия: бір шиша арзан вино немесе 1 келі спагетти немесе 6 бөтелке минералды су немесе бір «ибупрофен» таблеткасы (арзан виноның бас ауыртуын қойдырады).

Колумбия: бір құтыаяқ шай мен бірнеше тәтті тоқаш нан.

Оңтүстік Корея:  Сеулде 1 долларға автобуста немесе метрода серуендеуге болады.

Таиланд: бұл елде біршама нәрсе келеді (бір литр бензиннен бастап бірнеше бөтелке ауыз суға дейін).

Египет: үлкен мөлшерде «koshary plate» (құрамы: күріш, макарон, шыжғырылған жуа, жасымық, бүйрек нан мен фаляфель) асы.

Үндістан:  Колькатте қаласында 1 долларға тыңқиып тойып алуға болады.

Коста-Рика: папайя, ананас немесе қарбыз.

Аустралия: көп ақша ұтуға мүмкіндік сыйлайтын лотерея билеті.

Иордания: майға қуырылған картоп немесе кофемашинаның екі құтыаяқ кофесі.

АҚШ: Лос-Анджелесте 1 долларға «Blue Bus»-пен қыдыруға немесе көлікті тұрақта тастап кетуге болады.

Никарагуа: бір бөтелке сыра.

Аргентина: тәтті тоқаш жеуге болады.

Индонезия:  Манадода көгөніс пен күріш қосылған қуырылған тауық етіне тойып алуға болады.

Бір сөзбен айтқанда, 1 долармен Вьетнам, Таиланд, Филиппин секілді елдерге барған дұрыс. Ал біздің елде 1 долларға не келеді?

сурет:nasha.lv

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

 

http://massaget.kz