Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Биыл бірінші сыныпқа баратын 380 мың баланың тек 65 пайызы қазақ сыныбында білім алады.

Қазақстанда этникалық қазақ емес балалардың қазақ мектебінде оқу динамикасы артты. Өткен жылы 50 мыңнан астам өзге ұлт өкілдерінің балалары мемлекеттік тілде білім алуға ниет білдірген. Бірақ, қазақ сыныбына баратын оқушылардың үлесі республика бойынша төмендеген, деп хабарлады 31-арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Былтыр 3 миллионға жуық оқушының 66 пайызы қазақ сыныбында оқыған. Биылғы оқу жылында бірінші сыныпқа баратын 380 мың баланың тек 65 пайызы қазақша білім алады. Мемлекеттік тілде оқуға деген ниет әсіресе Солтүстік Қазақстан облысында бәсең. Өңірде биыл бастауышқа қадам басатын 8 мыңнан астам баланың небәрі 21 пайызы, яғни 1 720 оқушы қазақ сыныбына барады. Облыс орталығы Петропавл қаласында Қазақстан Тәуелсіздік алғалы бері 6 қазақ, 31 орыс мектебі жұмыс істеп келеді.

«Биыл бірінші сыныпқа 3 мың 100 бала барады. Оның 507-і қазақ мектебіне барады. Қалған бала орысша оқиды. Орыс сыныптарында әрине қазақтың да балалары көп екені жасырын емес. Бірақ бұл ата-ананың, баланың таңдауы», – дейді  Петропавл қаласы білім бөлімінің меңгерушісі Айнұр Асылбекова.

Білім және ғылым министрлігі Қазақстанда өзге ұлт өкілдері арасында қазақ сыныбында оқитын балалардың үлесі артқанын растап отыр. Министрліктің мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрағасының орынбасары Жомарт Қарамбаевтың айтуынша, былтыр қазақ тілінде 50 мыңнан астам басқа ұлт өкілдерінің балалары білім алды. Бес жыл бұрынғы мерзіммен салыстырғанда олардың саны 20 мыңға артқан.

Материалдың толық нұсқасын төмендегі видеодан көріңіз:

 

Рубрика: