Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Өскеменде орындықты қазақша дұрыс аудармай, “қатты нәжіс” деп сатып жатыр. Бұл туралы Өскемен тұрғыны ШҚО облысының дін істері басқармасының бөлім басшысы Ермек Құрманғалиевтегі Facebook парақшасына жариялады, деп хабарлайды “ozgeris.info” порталы.

“Өскеменде «Светофор» деген дүкен бар. Ресейдің кәкүр-шүкір тауарлары.  Кейбір шаруашылық тауарлары болмаса, азық-түліктері жеуге жарамсыз, дәмсіз бірдеңе. Ал мынау сол дүкенде сатылып жатқан  орындық. Табуретка. Аудармасының кейпін қараңыз. Сонда «атауы біртүрлі»   тауарларды шекарадан кіргенде  қадағалайтын ешкім жоқ па?”,- деп жазды Өскемен тұрғыны.

Сондай-ақ, Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамының вице-президенті Максим Рожин де жазбаны өз парақшасына алып жариялады.

“Жұмсақ нәжіске көңілі толмағандар қаттысынан көріңіздер, қайда сатылып жатқаны табылды….

P.S: Өскемендегі дүкеннің біріндегі аударманың сиқы….” ,- деп жазды ол.

ozgeris.info” порталы

Рубрика: