АЛТЫНОРДА
Сот ісі

[:kz]«Кәрім Мәсімовтің інісі Қырғызстанға қашып кетті ме?»: Министр жауап берді (ВИДЕО)[:]

[:kz]

 

Ол тергеу барысында бюджеттің қаржысын жымқырған деген күдікке ілінді деп хабарлайды orda.kzке сілтеме жасаған sn.kz

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Кәрім Мәсімовтің інісі Нұрлан Мәсімовке қатысты жаңа дерекпен бөлісті.

Марат Ахметжанов «Тиек» YouTube-арнасы жариялаған бейнесұхбатта Мәсімовке қатысты барлық сұраққа жауап берді.

Министр Ахметжанов Нұрлан Мәсімовтің Павлодар облысының полиция департаментінің басшысы ретінде білетінін айтты.

– Әрине танимын. Мен осы салада 30 жылдан жұмыс істеп жатырмын ғой. Прокуратура, сыбайлас жемқорлық саласында еңбек еттім. Нұрлан Мәсімовті департамент басшысы ретінде танитынмын. Қандай кісі екенін білмеймін. Жалпы департамент басшысы ретінде таныспын, – деді Марат Ахметжанов.

Министр Мәсімовтің інісіне қатысты тергеу амалдары бойынша жасыратын ештеңесі жоқ екенін жеткізді.

– Қазір бұл істі бірігіп жүргізіп жатырмыз. Оның ішінде ішкі қауіпсіздіктің қызметкерлері мен тергеу саласының мамандары бірігіп тергеп жатыр. Осы қылмыстық іс бойынша Павлодар облыстық ПД басшысының орынбасары ұсталған. Ол тергеу барысында бюджеттің қаржысын жымқырған деген күдікке ілінді. Осы тұрғыдан алғанда департаменттің бұрынғы басшысына да біраз сұрақтар бар, – деді Марат Ахметжанов.

Іздеуде жүрген Нұрлан Мәсімов шетелге шығып үлгермеген. Алайда оның нақты қай жерде екені белгісіз.

– Қайда жүргені белгілі болса ұсталады ғой. Қазір осыған байланысты іздеу амалдары жүріп жатыр. Ол Қазақстаннан шыққан жоқ. Біздегі дерек бойынша шекарадан шықпаған. Оны жедел іздестіру шаралары көрсетеді, – деді министр.

Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Павлодар облысы полиция департаментінің экс-бастығы полиция генерал-майоры Нұрлан Мәсімовке қатысты аса ірі мөлшерде пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Қазіргі уақытта Нұрлан Мәсімовке іздеу жарияланды, іс бойынша оның орналасқан жерін анықтау үшін қажетті жедел-іздестіру іс-шаралары және істің барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған басқа да тергеу іс-әрекеттері жүргізілуде.

Нұрлан Мәсімов пен ҰҚК-ның бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің әкелері бір-біріне аға-іні болып келеді.

Сонымен қатар, Қырғызстан шекарасынан өтпек болған Павлодар облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімов қамауға алынды деген хабар тараған болатын.

 

[:]