Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов хал үстінде жатыр деп хабарлады turkystan.kz dalainside Telegram каналына сілтеме жасап.

Каналдың деректеріне сүйенсек, бұл туралы karimmassimov.com сайты хабарлаған. Сайттың дерегінше, Мәсімов көп жылдан бері көптеген созылмалы кеселмен күресіп келеді.  Ол жүректің ишемиялық ауруына да шалдыққан екен.

Әлгі дерт Мәсімовтен былтырғы жылдың көктемінде анықталған.

Абақтыға қамалғалы бері Мәсімовтің жағдайы күрт төмендеп, ескі сырқаты қайта асқыныпты.

«Заң бойынша қоғамға зияны жоқ, ауыр дертке шалдыққан тұтқындар түрмеден босауға құқылы. Мәсімовтің жағдайын білетін дәрігерлер оны дереу босатуды талап етуде. Тиісті ем-дом жасалмаса, айырылып қалуымыз мүмкін…», – дейді ҰҚК-ның экс-төрағасына тиесілі сайт.

Айта кетейік, Мәсімов мемлекетке опасыздық жасады деген айыппен, Қаңтар дүрбелеңінен кейін көп ұзамай қамауға алынған.

Рубрика: