Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Ернар Айдардың шаңырағында үлкен қуаныш. Әншінің жалғыз қарындасы Жазира Айдар ұзатылды. Осы ретте Ернар эстрада жұлдыздарын шақырып, Тараз төрінде дүркіретіп той жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ернардың айтуынша, қарындасы Жазира төрт ұлдан кейінгі отбасындағы жалғыз қыз. Ол қарындасының ұзату тойына Мейрамбек Бесбаев, Қарақат Әбілдина, Әбдіжаппар Әлқожа, Ерке Есмахан, Салтанат Бақаева сынды өнердегі әріптестерін шақырды. 

Той барысында Ернар қарындасына арнап ән орындады. Одан бөлек, Мейрамбек Бесбаевпен дуэт шырқады. 

Жаңа өмірге қадам басқан Жазираны ортаға Салтанат Бақаева алып шықса, Қарақат Әбілдина әсем әнімен ұзатты. 

Ернардың айтуынша, қарындасы кішкентай кезінен Қарақаттың қолынан ұзатылуды армандаған. 

Рубрика: