Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Қарағанды фармацевтикалық кешені ревакцинацияға арналған бір компонентті «Спутник Лайт» вакцинасын шығара бастады. Бұл туралы кешеннің Facebook-тегі ресми парақшасында жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Гамалея атындағы Ресей ғылыми-зерттеу институтында ревакцинация үшін жасалған препарат Қазақстанда өткен жылы тіркелді. Оның дәлелденген тиімділігі 79,4% құрайды. Осы вакцинаның валидациялық партиясы ҚФК-де жасалып, сапаны бақылау және Ресейде тіркеуден өту үшін жөнелтілді.

Айта кету керек, дәл осы ҚФК Қазақстанда азаматтарды вакцинациялау үшін COVID-19 вирусына қарсы алғашқы «Спутник V» препаратын шығаруды жолға қойды. 2021 жылдың ақпан айынан бастап пандемия кезінде инфекцияның таралуына қарсы күресу үшін азаматтық айналымға 7 миллион доза вакцина жіберілді. Естеріңізге сала кетейік, қазақстандықтарды «Спутник лайтпен» 2022 жылдың қаңтар айының соңынан қайта вакцинациялай бастады.

 

kaz.nur.kz

 

Рубрика: